«Таным» республикалық-қоғамдық сыйлығы табысталды — Қоғам|28 Қараша 2018, 18:52

0
28 Қараша 2018, 18:52 239 0

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Астана. BAQ.KZ. Бүгін Астанада VIII Азаматтық форумында Қазақстан Азаматтық альянсының азаматтық қоғамның құрылуына және дамуына үлес қосқан қазақстандық ҮЕҰ, қоғамдық кеңестер мен қоғам қайраткерлеріне «Таным» республикалық-қоғамдық сыйлығы табысталды.

Форумда 16 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды:

«Белсенді азаматтық ұстаным» номинациясы – «Мама Про» әлеуметтік осал әйелдерді дамыту және қолдау қоры;

«Азаматтардың пайдасы үшін серіктестік» номинациясы –»Дос» тәуелсіз өмір» мүгедектер орталығы қоғамдық бірлестігі;

«Азаматтық қоғамның дамуына қосқан үлесі үшін» номинациясы – Серікқұл Берікқожа

«Жыл дебюті» номинациясы – Астана қалалық триатлон федерациясы және «Astana» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы»;

«Волонтерлікті дамытуға және ілгерілетуге қосқан үлесі үшін» номинациясы – «Парыз» Сарқан ауданының еріктілері» жастар қоғамдық бірлестігі;

«Балалар – біздің болашағымыз» номинациясы – мектепке дейінгі балаларға арналған «Ұмай» емдік-тәрбиелік қайырымылық мектебі мекемесі;

«Шексіз әлем» номинациясы – «Солнечный мир» қоғамдық қоры;

«Инклюзивтік спорт жәнк инклюзивті білім беру» номинациясы – «Үміт-Надежда» тірек қозғалысы аппаратының қызметі бұзылған мүгедек азаматтарды қолдау қоғамдық бірлестігі;

«Өмір үшін» номинациясы – «Үміт үзбеу» қоғамдық қоры;

«Дені сау ұлт – гүлденген Қазақстан» номинациясы – Q-med корпоративті қоры;

«Адам құқықтарын қорғау және көтермлеу» номинациясы – Маңғыстау облысы бойынша «Азаматтық құқық» ЖМ;

«Ауылдағы азаматтық бастама» номинациясы –»Балатай» қоғамдық бірлестігі;

«Тиімді қоғамдық кеңес» – Өскемен қалалық қоғамдық кеңесі;

«Әртүрлі тұлғалар тең мүмкіндіктер» номинациясы – «Женский луч» қоғамдық бірлестігі;

«Таза ғаламшар» номинациясы – «Дворянин» жануарлар құқығын қорғау қоғамдық қоры;

«Бейбітшілік, келісім конфесияралық диалог негізі» номинациясы –»Сунна» спорттық ойындар федерациясы;


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ