Ашық сабақ Тригонометрия элементтері
Сабақтың тақырыбы: Тригонометрия элементтері.
Пәні : Алгебра Сыныбы: 9ә сынып
І.Сабақтың тақырыбы: Тригонометрия элементтері.
ІІ. Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Тригонометрия элементтері тарауы бойынша алынған білімді тиянақтау, қорытындылау.
- Дамытушылық: Тригонометриялық
формулаларды пайдаланып, берілген есептерді әр
түрлі тәсілдермен шығару, оларды
есептер шығаруда тиімді қолдану және
формулаларды ажырата білу.
3.Тәрбиелік: Сабақ барысында әр түрлі деңгейлік тапсырмалар орындау арқылы оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, шапшаңдыққа және өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу.
ІІІ.Көрнекті құралдар және ТСО: интерактивті тақта, компьютер, тест тапсырмалары, деңгейлік тапсырмалар жазылған кеспелер.
Мұғалімнің іс –
әрекетінің формасы мен әдістері |
Сабақтың мазмұны (барысы) |
Оқушының
іс — әрекеті
|
Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуына, даярлығына, формасына назар аудару. | 1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.):
Оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру. Сабақтың мақсатын жариялау.
|
Оқулық, дәптер, күнделікті және үй тапсырмаларын даярлау |
Өткен сабақты сұрақ-жауап арқылы тексеру | 2.Өткен сабақты қайталау:
1. Үй тапсырмасын тексеру, бағалау (3 мин.) 2. Өтілген тақырыптар бойынша пысықтау сұрақтарына жауап алу (10 мин) 1) Радиан дегеніміз не ? 2) Тригонометриялық функциялар дегеніміз не? 3) Тригонометриялық функциялардың ұқсастықтары мен айырмашылығы қандай ? 4) Тақ функция дегеніміз не ?. Мысал келтір. 5) Жұп функция дегеніміз не ?. Мысал келтір. 6) Қандай жағдайда берілген функция жалпы жағдайдағы деп аталады. 7) Тригонометриялық функциялардың таңбаларын қалай анықтадық ? 8) Ширек дегеніміз не ?
|
Өткен материалдарды еске түсіруде, білімділік таныту,өз ойларын, пікірлерін айту.
|