Қазақстандықтар 9-наурызда демала ма

0

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызмет департаменті директорының орынбасары Думан Әбілов осы жылдың 9 наурызында қазақстандықтар үшін қандай күн болатыны жайлы түсінік берді.

«Өздеріңіз де білесіздер, мереке күні жексенбіге тұспа-тұс келсе, онда дүйсенбі күні мемлекеттік қызметшілер үшін жұмыс күні болуы тиістігі туралы тапсырма кеше ғана болды. Мерекелер туралы заңға сәйкес, егер демалыс мереке күніне тура келсе, онда ол келесі жұмыс күніне ауысады. Бірақ, бұл заң тек мемлекеттік қызметшілерге ғана емес, бәріне бірдей», — деді Думан Әбілов.

Сөзінше, қазіргі таңда ҚР үкімет басшысының кеңсесінде аталған сұрақ талқыға түсіп жатқан көрінеді.

«Өз тарапымнан мұның құқық қорғау және арнаулы органдар үшін ғана айтылуы мүмкін екендігін атап өте аламын. Бұл мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарына қатысты болуы ықтимал», — деді Думан Әбілов.

Сөзін қорытындылай келе қазақстандықтар 9 наурыз күні демалатындығын алға тартты.

«Мемлекеттік қызметшілер жұмыс істеуі үшін алдымен, мерекелер туралы заңға өзгертулер енгізу қажет», — деді департамент директорының орынбасары.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев мереке күндеріне қатысты тәртіпті қайта қарауды тапсырған еді.

stan.kz