Анасынан жауап алынады: Қарағандыда екі сәби өлі күйінде табылды — Қазақстан жаңалықтары
Қарағанды облысының Абай қаласында егіз балалар өз кереуетінде өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Олардың бірі ұл бала, бірі қыз болған. Жедел жәрдемді сәбилердің анасы шақырған, бірақ дәрігерлер өлімді тіркеген.
Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады, алайда департаменттің баспасөз қызметінің қызметкерлері қандай бап бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын түсіндіре алмады.
«29 ақпанда Абай қаласында екі жас бала өз үйінде көз жұмды. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — деп түсіндірді жергілікті полицияда.
Сәбилерді жерлегеннен кейін олардың анасынан жауап алынады. Нәрестелер өлімінің алдын-ала нұсқасы жоқ, сот сарапшылары да әзірге өз қорытындыларын ұсынбаған.
Белгілі болғандай, егіздердің анасы Instagram- дағы парақшасында балаларының суреттерін жиі жүктеген. Оларға сәйкес, үйдің таза, балаларының жинақы киінгені, бақытты отбасы екені байқалған. Әлеуметтік желілердегі әйелді білемін деген комментаторлар отбасы туралы оң пікір айтты. Дегенмен, басқалары өз қорытындыларын жасауға асықты.
Отбасы ешжерде есепте тұрмайды. Сондықтан, полиция қызметкерлері алдын ала болжам жасамауды сұрайды.
stan.kz