Тізе бүкті: Оңтүстік Кореядағы секта жетекшісі коронавирус таратқаны үшін кешірім сұрады — Қазақстан жаңалықтары
Оңтүстік Кореяның «Шинь-Чжонджи куәгерлік ғибадатханасы» христиандық сектасының басшысы Ли Ман Хи осы секта өкілдері абайсызда ел аумағында коронавирус таратқаны үшін халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ли Ман Хи баспасөз-конференциясы кезінде кешірім мен өкініштің белгісі ретінде дәстүрлі корейлік терең тағзым жасады, ол ел алдында тізе бүкті.
Оңтүстік Кореяда Соvid-19 вирусын жұқтырудың 4000-нан астам жағдайы тіркелген; ауру анықталған адамдардың 60%-ға жуығы — осы сектаның мүшелері.
«Бұл әдейі жасалмағанымен, көптеген адамдар жұқтырды. Біз бұған жол бермеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық, бірақ бұл нәтиже бермеді», — деді 88 жастағы сектаның жетекшісі.
Шіркеуге келушілер бір-біріне кездейсоқ жұқтырған, содан кейін олардың көпшілігі Оңтүстік Кореяның әртүрлі аймақтарына кеткен. Кейбір мәліметтерге сәйкес, сектаның басшылығы оның мүшелерінің жасырын тізімін жүргізген, нәтижесінде билікке вирустың қалай және қай жерде таралатынын түсіну қиын болды.
Бірақ секта өкілі олар осы діни ұйымға тиесілі ғимараттар мен өкілдерінің толық тізімін ұсынғанын айтты.
Билік Оңтүстік Корея прокуратурасына аталған сектаның 12 көшбасшысына қарсы талап арыз берді, оларды адам өлтіргені, зиян келтіргені және жұқпалы аурулардың таралуын бақылау туралы заңды бұзғаны үшін айыптады.
Сектаның кейбір бұрынғы мүшелерінің сөзінше Ли Ман Хидің көптеген жас ізбасарлары үйден кетуге және шіркеуге жақын жатақханаларда тұруға мәжбүр болғанын айтты.
stan.kz