Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік мекемеде не үшін төбелес болды – видео
Таңертеңнен бері астанадағы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында ұзын-сонар кезек болды. Жеңілдікке ие адамдар шипажай-курорт емделуге бару үшін жазылуға келген
«Талон үшін төбелесті. Құлап жатқандар да болды. Бір кезек зейнеткерлер үшін, бір кезек мүгедектер үшін қарастырылған. Мүгедек балалары бар аналар мүлдем кетіп қалды», — деп жазды желі қолданушылары.
Әкімдікте бастапқыда адам көп болғанын хабарлады. Кейін адамдар азайған.
Талон мүгедектер, мүгедек балалар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары және жеңілдік бойынша оларға теңестірілген зейнеткерлерге беріледі.
Емделуге онлайн жазылуға болады. Бұл үшін электронды-цифрлық қолтаңба керек. Халыққа қызмет көрсету орталығында беріледі.
Астанада жасы және еңбек өтілі бойынша 95 мың зейнеткер тұрады. Мүмкіндігі шектелген 27 мың адам бар. Оның 5 970-і – бала.
Тағы оқыңыз: «Мемлекеттік қызметшілер төбелесті»: полиция желіде тараған видеоға түсініктеме берді
2 наурыздан бастап 2020 жылдың сәуір-маусым айлары аралығында шипажай-курорттық ем қабылдауға жазылу жүргізіледі (Достық,13). 1710 орын қарастырылған (ай сайын 540 орын).
Қазіргі уақытта жолдамаға 1 483 адам жазылған. Оның 825-і – зейнеткер, мүмкіндігі шектеулі жандар : 435 ересек және 191 бала. Сондай-ақ, 32 ардагер.
sputniknews.kz