министрлік желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қызметі туралы өзекті ақпарат www.gfss.kz ресми интернет-ресурсында ұсынылған
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. 1991 жылдан бастап 2019 жылға дейін жұмыс істейтін адамдарға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры төленетін төлемдер туралы ақпарат жалған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
«Түрлі хабар таратушы мессенджерлерде таратылған мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры 1991-2019 жылдар аралығында жұмыс істеген азаматтарға 600 мың теңге мөлшерінде жәрдемақы төлеп жатқандығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», -делінген хабарламада.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі Қазақстанда 2005 жылдан бастап енгізілген. Еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан, жұмысынан айырылған жағдайда, жүктілік және босану немесе жаңа туған баланы асырап алуға, сондай-ақ 1 жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайларда жұмыс істейтін азаматтарды қолдаудың қосымша тәсілі. Яғни, осы жағдайларда жүйеге қатысушы немесе оның отбасы мемлекет төлейтін әлеуметтік жәрдемақыға қосымша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер алады.
Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтан тұрғыны: Жеті балаға 139 мың теңге жәрдемақы шықты
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры барлық азаматтарға бейресми дереккөздердегі ақпаратқа сенбеу керектігін ескертеді және көрінеу жалған ақпаратты таратқан адамның заң бойынша жауапқа тартылатындығын еске салады, -деді министрлік.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қызметі туралы өзекті ақпарат www.gfss.kz ресми интернет-ресурсында ұсынылған.
sputniknews.kz