«Бұл туралы үндемей қалмаймын». Dequine Алматыдағы концертте танымал рэперлердің өзіне әлімжеттік көрсеткенін айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстандық поп музыка жанрында ән айтатын Dequine лақап атымен танымал әнші Алматыда өткен концертте әлімжеттік әрекетіне тап болғанын хабарлады. Бұл туралы әнші өзінің Instagram-дағы парақшасына жазған деп хабарлайды Stan.kz

«Кеше «Ozen»-нің шарасында концертте ән айтқан екі орындаушы әлімжеттік көрсетті. Ешбір ақыл-ойсыз, концерттен кейінгі албырттықпен, бұлай істесем ештеңе қылмайды деген қасаң ойлау қабілетімен жасап отыр. 

Құрбымның артынан грим жасайтын бөлмеге кіріп бара жатып КС-ні кездестіремін, ол менің қарсы алдымнан шығып жабайы адамдай айқайға басты: Сен кімсің? Кімсің? Қайда кеттің? деп, бір минуттан кейін «А, сен Декуинсің ба», деген сөздермен төсімнен ұстады, содан кейін кетіп қалды. 

Үш сағаттан кейін жолда Б.-ны кездестірем онымен де таныс болатынбыз. Үйге қайтып бара жатырмын десем, бір уақытта оның қолы мен артыма қарай түскенін байқадым. Байқамай қалған екен деп, үнсіз қолын тартып жібердім. Бес минуттан кейін оның әрекеті қайта қайталанады. Бетінен салып қалғанда, ол маған таңқалып қарады. Содан кейін ренжіп, «Бәрі түсінікті» деген сөздермен кетіп қалды»,-деп жазды әнші парақшасына.

Әнші әріптестерінің мұндай әрекетіне наразы екенін және оған бей-жай қарамайтынын жеткізді. «Қыздар не себепті осындай жағдайдарды бастан өткізу керек? Неге олар денесін ұстағысы келген жігіттерден «Қоя салшы» деген сынды сөздерді естіп, өздерін ақымақ етіп, күлкіге қалдыруға төзу керек? Неге біз заманауи қоғамда өмір сүре отырып, қоғамдық орындарға барудан қорқу керекпіз?  Болған оқиғаны өзімізді кінәлі сезінуіміз керек? Не себепті сол уақатта жабық киініп тұрдым ба деп ойлануымыз қажет?

Осымен үшінші рет әлімжеттік әрекетіне ұшырап отырмын, үш ретте де соны жасаған танымал рэперлер жауапкершілікке тартылған жоқ. Енді бұл туралы үндемей қалмаймын»,-деді Dequine.

Сондай-ақ, ол өз парақшасында болған әрекетті дәлелдейтін видео мен аудио жазбаларды жүктеген.

 

Әнші оқырман қыздарынан осындай әлімжеттік оқиғасын бастан өткергендер болса, өзіне хат жазуды сұраған. Кейінен оқырмандарынан мыңдаған смс хаттар келіп жатқанын жазды.

Өз кезегінде «Ozen» лейблі әншіден өз тарапынан кешірім сұрап, мұндай әрекеттердің қайталанбайтынын айтып уәде беріп үлгерген.  

 



stan.kz