«Казахстанская правда» газетінің тілшісі Ирина Нос қайтыс болды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Экономикалық шолушы, журналистік сыйлықтар мен шығармашылық байқаулардың лауреаты ұзаққа созылған сырқаттан кейін қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. «Казахстанская правда» газетінің арнайы тілшісі Ирина Нос ұзаққа созылған сырқаттан кейін қайтыс болды. Бұл туралы журналистің әріптестері хабарлады.

Ирина Нос 1962 жылы 13 қыркүйекте Целиноградта (қазіргі Нұр-Сұлтан қаласында) дүниеге келген. Целиноград ауыл шаруашылығы институтында (бүгінгі Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде) «сәулетші» мамандығы бойынша оқыды.  

Мемлекет қайраткері Серікболсын Әбділдин дүниеден озды 

Журналистика саласында 17 жыл жұмыс істеді. Ал «Казахстанская правда» газетінде 10 жылға жуық уақыт қызмет етті. Экономика бөлімінің шеф-редакторы болды, экономика мен қаржы тақырыбында өз бағанын жүргізді.    

Sputnik Қазақстан редакциясы Ирина Ностың қайтыс болуына байланысты отбасына және жақын туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Ирина Носты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 4 наурызда сағат 11:00-де болады.



sputniknews.kz