Біртанов: 18 адам коронавирус жұқтырған деген күдікпен ауруханада жатыр
Коронавирус шыққан елдерден келген 18 адам Қазақстанның стационарларында жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады.
Министрдің сөзіне қарағанда, 1 ақпаннан бастап өткізу бекеттерінде 780 339 адам қаралған. 30298 адам мониторингқа алынса, оның 24 432 адамы қайта шығарылыпты. Қазір 5 866 адам мониторингте қалып отыр. 803 адам карантинге орналастырылған. Оның 524-і шығарылды. Карантинде қазір 279 адам қалып отыр. 183 адам көрсеткіштері бойынша ауруханаларға жатқызылса, қазірге дейін 165 адам шығарылып, 18 адам әлі қаралып жатыр.
www.nege.kz