Тілшінің тікелей эфирдегі қателігі жұрттың ішек-сілесін қатырды – видео

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Журналист салмақты мәтінді оқып тұрған кезде Хинтон экранда не болып жатқанын байқамаған. Видео әлеуметтік желіде жылдам таралып кетті

НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз — Sputnik. Белгілі америкалық журналист, үздік репортажы үшін «Эмми» лауреаты Джастин Хинтон қызықты оқиғаны бастан кешірді.

Солтүстік Каролина штатының репортері Facebook-те AR-фильтрін өшіруді ұмытып кеткен. Ол Эшвилл қаласында жауған қар туралы фейсбук арқылы репортаж жасады.

Салмақты мәтінді оқып тұрған кезде Хинтон экранда не болып жатқанын байқамады. Әлеуметтік желі журналистің бетіне түрлі маска жасаған.

«Facebook-тен тікелей эфирге шықпас бұрын WLOS ABC 13 станциясындағы есептік жазбада фильтр генераторларын іске қоссыппын. Оператор экранда біртүрлі бейнелер шығып жатқанын айтты. Мен кедергілер болар деп бұл сөзге мән бермедім. Кадрден шыққанға дейін экранда не болып жатқанын білмедім. Кейін адамдардың пікірін көрдім», — деді ол.

Хинтонның айтуынша, басшылық бұл жағдайға түсіністікпен қараған. Олар тікелей эфир қызықты, күлкілі болғанын айтып, хабарлама жолдапты. Роликті тамашалағандардың саны күннен күнге артып келеді.

 

 



sputniknews.kz