Ақтаудағы төбелес видеоға түсіп қалды
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Оқиға әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия отырысында қаралады
НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз — Sputnik. Ақтауда мектеп оқушыларының төбелесіне қатысты тексеріс басталды, деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«Оқиғаға қатысты материал жиналып, әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандар құқығын қорғау жөніндегі комиссияның қарауына беріледі» – деді полицейлер.
«Тумба» басылымы хабарлағандай, 26 ақпанда 3-ші шағын аудандағы «Школьник» орталығының маңында төбелес болған.
Кадрде үш бала 5-сыныпта оқитын қыз бен кішкентай інісіне жұдырық ала жүгіреді. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған жазбаны зардап шеккен балалардың ата-анасы берді.
sputniknews.kz