Қордайдағы қақтығыс кезінде асыраушысынан айрылған отбасыларға жәрдемақы төленетін болады — Қазақстан жаңалықтары
Қордайдағы жаппай қақтығыс кезінде асыраушысынан айрылған отбасыға мемлекет жәрдемақы бөлетін болды. Айсайынғы төлем он сегіз жасқа толмаған балалары бар отбасылары үшін қарастырылған. Керекті құжаттардың барлығы тағайындалды. Әрине, жердем ақы әкесінің орнын бас алмасы анық. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Инфорамбюро» бағдарламасына сілтеп.
Қордайдағы жаппай төбелес кезінде қаза болған 47 жастағы Рамазан Харсановтың артында кәмілетке болмаған 5 баласы қалды. 7-ақпан күні ер азамат өртті сөндіруге барған. Таңертең оқтан қаза болғаны жөнінде хабар келген.
«Барлық жақта айқай-шу болып жатты. Мешітті, үйлерді өртеп жатыр, естігендер барып көмектесіңдер деп шақырды», — дейді марқұмның ағасы Сүлейман Харсанов.
Абдулла Чонтейдің артында төрт балапаны асыраушысыз қалды.
«Мен тіпті ұлымды өлтіріп кеткеннін естіген де жоқпын. Бізден кетіп қалғанын да сезген жоқпыз. Немерелерімді аяймын. Осындай қайғыдан, жоқшылықтан қалай алып шығамын? Олар да күн көру керек қой», — дейді көз жұмған Абдулланың анасы.
31 жастаған Рамазан Исыровтың артында төрт балсы қалған. Ең кішісі алты айлық. Қаза болған азаматтың жақындары осы жылы ата-анасына бар жағдайды жасаймын деп жүрген еді деп еске алды.
«Үлкен қызы ғана әкесі енді қайтып келмейтінін түсінеді. Ал қалған ұлдары әкесі бұл өмірде жоқ екенін әлі түсінбеді», — деді ағасы Аюб Исиров көзіне жас алып.
Қалалық әкімшіліктегілер асыраушысынан айрылған отбасыларға жәрдемақы төленетінін айтқанмен, нақты қанша ақша алатынын әлі мәлімдемеді.
stan.kz