«Мал да, бала да өледі»: Арыс қаласына қарасты ауыл тұрғындары президентке үндеу жариялады — Қазақстан жаңалықтары

0

Арыс қаласына қарасты Дермене ауылының халқы президентке үндеу жариялады. Олар ауылда бай-бағландар ор қазып, арықтан малдар өліп, ел таршылық көріп отыр дейді. Ескерусіз қалдық деген тұғындар ірі кәсіп иесі мал тезегін іргеге төгіп, экологияны ластап отыр дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Информбюроға» сілтеп хабарлайды.  

Арыс дермене

Дермене ауылының тұрғындары кәсіпкерлер ауылдың шетінен тереңдігі екі метр болатын арық қазып тастады дейді. Мал жайылым жер қалдырса, кәсіп иелеріне басқа жер де жетіп артылатынын айтады. Тілегімізге құлақ асар жан жоқ, амалсыз үндеу жариялаймыз дейді. 

«Қораның артынан 5 метр ары жер  қазылған. Ары қарай мал өте алмайды. Өтейін десе, өледі. Президенімізден ауылымыздың мәселесін шешіп беруді өтінеміз», — дейді ауыл тұрғындары.

«Мал жайылатын жердің бәрін алып қойған. Жайылатын жер жоқ», — дейді екінші бір ауыл тұрғыны.

Ал билік өкілдері кәсіпкерлердің жер қазып тастағанынан хабарсыз екен. Жер қазылса, жауапкершілік ауыр болады дейді. 

«Жауапкершілігі өте үлкен. Арнайы жер инсфекциясынан адамдар жіберіледі. Солардың арнайы бағасы бар. Үлкен көлемде салық салынады. Заңсыз жерді қазу қылмыс болып есептелінеді», — дейді әкімшілік өкілі.

Сондай-ақ,  әкім халыққа жайылым болмағанымен, жер табылады деп жұбатты. 

stan.kz