Тоқаев: Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері біртұтас ұлтты құрайды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері біртұтас ұлтты құрайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Informburo-ға берген сұхбатында айтты.

Тоқаев Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жаппай қақтығыстарға қатысты пікір білдірді. «Ертең, 1 наурызда мен Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барамын. Кордай ауданында қазақтар мен дүнгендер тұратын ауылдардың тұрғындарымен кездесуді жоспарлап отырмын. Әрине, біз этносаралық қатынастар мәселесіне көзқарасымызды өгертуіміз керек», — деді Президент.

Оның айтуынша, Қазақстан достық пен келісім ошағы болған және болып қала бермек.

 «Біздің ұранымыз — әртүрлілік бірлігі. Мұнда тұратын барлық ұлттар этникалық топтар біртұтас ұлт. Шетелде бізді қазақтар деп атайды, өйткені мемлекетіміздің атауында бұл сөз бар. 

Әрине, Қазақстанда тұратын әр этникалық топтың жеке басына қауіп төндіру болмауы тиіс. Олардың барлығы өз тілдерін оқып үйренуге, қолдануға, мәдениетті дамытуға және салт-дәстүрлерді сақтауға құқылы және солай болады да.
Сонымен бірге, қазақ тілін де дамыту  керек, болашақта ол нағыз ұлтаралық қарым-қатынас тіліне айналады », — деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы «Әлемдік ғылым мен мәдениетте білім алуымызға жол ашқан орыс тілінің тарихи маңыздылығын» атап өтті. 

stan.kz