Нұр-Сұлтанда ер адамдар арасындағы төбелестің кесірінен бала автобустан құлады — Қазақстан жаңалықтары
Бала орын үшін төбелескен ер адамдардың кесірінен адамға лық толы автобустан құлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиғаның видеосы Facebook-тегі Астана, хочу похвалить/пожаловаться тобында пайда болды. Автобустың кіре берісінде екі адамның арасында жанжал туындады. Осы сәтте автобустан бала құлап түсті.
«Бұның бәрі шектен шығу болып бара жатыр. 24-маршрут. «Әскери полиция» аялдамасы. Сағат 10-ның басы. Маршруттар арасындағы аралық 50 минуттан асады. Көптеген адамдар жиналды, барлығы жұмысқа баруы керек. 104 экспресс Жаңажол көшесінен Ақжолға бұрылады (Чугунка көпірінің астына), ал 24-ші автобус көпірмен Бөгенбай көшесінен Уәлихановқа бұрылады. Өндіріс ауылының тұрғындарының басым бөлігі 24-ші автобуспен қатынайды. Айтайын дегенім, 24-ші автобуспен 24А автобустары 50 минут бойы болған жоқ. Адамдар жұмысқа кешігіп, автобустағы орындар үшін төбелесті — бұл қорқынышты. Осы уақыт аралығында жартылай бос 104-ші экспресс бағытындағы үш автобус өтті. Бұған қалай жол беруге болады? Бұл тек бір рет емес, таңертең және кешке уақыт өрлеп тұрғанда балаларды айтпағанда, ересектер бір-бірін «мыжып», автобусқа отырады. Жақында жұмыстан күзгі жапырақ сияқты «ілулі» қалпымда, аяқ қоятын жер таппай әрең жеттім. Жүргізушілер кейде аялдамаларда тоқтамайды, өйткені адамдардың көптігінен есіктер ашылмайды. Айтпақшы, әріптесіміз сағат 8.30-да аялдамаға келіп, келесі автобусқа сағат 9.25-те отыра алды, өйткені адамдар көп. «Астрабас» қосымшасындағы — желіде 2 автобус. Қалғандары навигаторларын өшіріп тастаған, сондықтан оны дәлелдей алмау үшін», — деп жазды қолданушы Алма Беркембаева.
Түсініктемелерде iKomek операторы тұрғындардың үндеуі ескерілгенін айтты.
«Сіздің шағымыңыз Нұр-Сұлтан әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығында SD2822410 нөмірімен тіркеліп, Нұр-Сұлтан қаласының тиісті органына (ұйымына) жіберілді. Жауап жоғарыда аталған органнан ақпарат түскен бойда жіберіледій, — делінген хабарламада.
stan.kz