Сенат депутаты жаңа телеарна ашуды ұсынды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Депутат аграрлық ғылым мен еңбек адамының бейнесін насихаттайтын бағдарламалардың маңызы зор деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. Сенат депутаты Дүйсенғазы Мусин арнайы мамандандырылған аграрлық телеарна ашуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенатордың пікірінше, ауылдарды дамытудың дамытудың түйінді мәселелерінің бірі – ақпараттық қамтамасыз етуді жаңа сапалық деңгейге шығару.

«Ауыл еңбеккерлері озық технологиялар, мемлекеттік қолдау шаралары, заңнамалық базадағы өзгерістер, нарық маркетингі туралы хабардар етілуі  тиіс. Сондықтан аграрлық ғылым мен озық тәжірибені, еңбек адамының бейнесін насихаттайтын көрсетілімдердің маңызы өте зор. Осы орайда, арнайы мамандандырылған аграрлық телеарна ашу қажет деп санаймыз», — деді Мусин сенатта ауыл шаруашылығына арналған парламенттік тыңдауда.

Депутаттың айтуынша, мемлекеттен бөлінетін қомақты қаражатқа қарамастан, аграрлық сектор тиімділігі төмен салалардың қатарында.

«Сараптамалық бағалау бойынша, басты проблема –мемлекеттік реттеудің жетілмегендігінде. Өздеріңізге мәлім, тәуелсіздік жылдарында агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған тоғыз бағдарламалық құжат қабылданды. Алайда, олар саладағы жағдайдың түбегейлі өзгеруіне ықпал ете алмады», — деді сенатор.

Тағы оқыңыз: «Жоққа шығару дұрыс емес»: экс-министр Назарбаеваның мәлімдемесімен келіспеді

Ол ауыл шаруашылығы өнімдерінің 80%-ке жуығы шикізат түрінде сатылатынын, бірқатар өнімнің импортқа тәуелділігі жоғары екенін айтты. Дайын азық-түлік, негізінен, шеттен әкелінеді.

Мусиннің сөзінше, мемлекеттік реттеудің жүйесіздігі мен субсидиялау ережелерінің жиі өзгеруі аграрлық сектордың дамуына кері әсерін тигізіп отыр.



sputniknews.kz