Тоқаев ақпараттық қауіпсіздік саласында атқарылып жатқан жұмыспен танысты

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Министр Жұмағалиев мемлекет басшысына ақпараттық қауіпсіздік саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп берді

НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан — Sputnik. Қазақстан президенті цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, телекоммуникациялық инфрақұрылымды, инновациялық экожүйе мен адами капиталды дамыту, экономика салаларын цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды.

«Асқар Жұмағалиев мемлекет басшысына 250-ден асатын тұрғыны бар елді мекендердің барлығы осы жылдың соңына дейін жоғары жылдамдықты мобильді интернетпен қамтамасыз етілетінін жеткізді», — делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, Қазақстан президентіне қалаларды цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Жұмағалиевке бірқатар нақты тапсырма берді.



sputniknews.kz