Нұр-Сұлтан, Алматы, Тараз, Түркістан, Маңғыстау
Жұма күні астана көшелерінде көктайғақ болады. Күндіз минус екі, түнде 10 градус салқын. Негізінен, жауын-шашынсыз
НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан — Sputnik. Өңірлердегі ауа райына ығысып бара жатқан циклонмен байланысты фронттар әсер етеді, деп хабарлады «Қазгидромет».
Астанадағы ауа райы
Жұма, 28 ақпан күні астанада көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 9-14 метр. Түнде ауа температурасы минус 8-10 градус, күндіз 0, -2 градус.
Сенбі, 29 ақпан күні, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 5-10 метр. Түнде минус 8-10 градус, күндіз 0 және -2 градус.
Жексенбі, 1 наурыз күні түнде 4-6 градус нөлден төмен, күндіз 0, +2 градус жылы.
Алматыдағы ауа райы
Алматыда 28 ақпан күні жауын-шашын болмайды. Түнде тұман, ауа температурасы 0, -2, күндіз плюс 5-7 градус.
Сенбі, 29 ақпанда түнде 2-4 градус, күндіз 7-9 градус жылы.
Наурыздың бірі күні желдің екпіні 0-5 м/с. Түнде 0, минус екі, күндіз 10-12 градус жылы.
Шымкенттегі ауа райы
28 ақпан күні Шымкентте жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 8-13 м/с. Түнде 3-5 градус салқын, күндіз 7-9 градус нөлден жоғары.
Сенбі, 29 ақпанда түнде 1-3 градус, күндіз 10-12 градус жылы.
Наурыздың бірі күні оңтүстік-шығыстан жел соғады. Жылдамдығы – 5-10 м/с. Түнде +2-4 градус, күндіз плюс 13-15 градус шамасында.
Өңірлердегі ауа райы
Маңғыстау облысында жұма күні жел күшейеді. Жылдамдығы секундына 15-20 метр. Кей жерлерде екпіні 23 м/с-ке дейін жетуі мүмкін.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облысы боран, тұман, көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысында жел күшейеді. Жылдамдығы – 15-20 м/с. Боран, көктайғақ болады.
Қарағанды облысында түнде және таңертең тұман.
sputniknews.kz