Қытайдағы коронавирус қашан ауыздықталатыны жайлы айтылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қытай билігі коронавирусты сәуір айының соңына дейін ауыздықтайтынын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Бұл туралы ҚХР-дың коронавирустың жаппай таралуы дағдарысы бойынша бас кеңесшісі Чжуан Наньшань мәлімдеді. 

«Еліміздің билігі, еңбекқор дәрігерлер мен жетекші мамандардың арқасында бұл ауру сәуірдің соңына дейін толығымен ауыздықталады», — деп айтыпты ол. 

Бұған қоса қытайлық маман өкпе қабынуы ауруына шалдыққандардың барлығының тыныс алу жолдарында өте көп қақырық байқалғанын атап өтті. Оның сөзінше, бұл мәселе басқа да ауруларға әкеп соғуы ғажап емес. Эпидемиологтар қазір мұны шешудің алдында екен. 

Сондай-ақ Чжун коронавирус жұқтырған адам Қытайда анықталғанымен, ауру басқа елден шығуы мүмкін деген болжамды жоққа шығармады. 

Қазірдің өзінде Қытайда 2744 адам көз жұмып, 78497 науқас вирусты жұқтырған. Аурудан толығымен 32495 қытайлық емделіп шығыпты. 

 

stan.kz