Қаржы пирамидаларын жарнамалаған шоу-бизнес өкілдері жауапқа тартылуы мүмкін — Қазақстан жаңалықтары

0

Қаржы пирамидаларын жарналамалаған шоу-бизнес өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Өйткені, олар заңға сәйкес қылмыстық істі жарнамалағанынан хабардар болуы керек еді. Ал мыңдаған адамды сан соқтырған «Гарант 24 Ломбард», «Выгодный займ», «Эстейт ломбардқа» қатысты түскен шағымдар саны 3 мыңнан асты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «КТК» телеарнасына сілтеме жасап.

гарант

«Жалған тарату және қаржылық пирамидаларды жарнама жасау үшін әкімшілік құқықбұзушылық кодекс бойынша жауапкершілік бар. Оны тергеу барысында тексереміз. Тінту барысында 42 мыңнан астам келісім-шарттар алынған. Сондықтан арыз берушілердің саны күн сайын көбейеді деп айтуға болады», — деді Санжар Әділов, ҚР ІІМ тергеу департаментінің бастығы.

Аталмыш қаржы ұйымыдарына қатысты еліміздің 13 өңірінен шағымдар түсіп жатыр. Бұған дейін қаржы пирамидаларының 13 өкілі тергеуге алынса, олардың санын тағы екеуі толықтырды. Ал мемлекетаралық іздеу жарияланғандардың саны 9-дан 12-ге жетті. Оның екеуі шетел асқан. Ресей мен Қырғызстанға кеткен деген ақпараттар бар. Ішкі істер министрлігі екеуінің соңынан арнайы топ жіберіпті. Қаржы пирамидаларының мүлкін тінту барысында атышулы ломбардтарға тиесілі 40 миллион теңге тәркіленіп, 21 пәтер мен 3 үй және 30 астам көлік бұғатталған.
 

stan.kz