Қордай ауданының тұрғындарынан бір килограмм героин табылды
Қысқа сілтеме алу
Күшті есірткі затын сатуды жоспарлаған ер адамдар он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Қордай ауданының екі тұрғынынан бір килограмнан астам героин табылды. Ер адамдар уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері рейд барысында 45 және 42 жастағы ер адамдардың үйін тінтіді. Біреуі есірткіні жазғы ас үйде, екіншісі үйінде сақтаған.
Оқи отырыңыз: Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтау әуежайында үш адамды ұстады
«Сот-химиялық сараптаманың актісіне сәйкес, тәркіленген зат «героин» есірткісі болып саналады. Табылған заттың жалпы салмағы бір килограмнан асады», — деп жазды Polisia.kz сайты.
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-тармағы (Есірткі заттарын заңсыз сақтау, жіберу немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Кінәлілер он жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.
sputniknews.kz