Грузияда тұңғыш рет әйел президент болып сайланды — Жаһан
Грузияда өткен президент сайлауында Саломе Зурабишвили жеңіске жетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Грузияның Орталық сайлау комиссиясы өкілдерінің есептеуінше, Зурабишвили 60 пайыз дауыс жинаған. Ал оның бәсекелесі, оппозиционер Григол Вашадзе шамамен 40 пайыз дауыс жинаған.
Басылымның мәліметінше, сайлауға дауыс берушілердің 56,23 пайызы келген.
Сондай-ақ, бастапқыда Грузия президенттігіне 25 адамның үміткер болғаны айтылады.