Өмір бойына түрмеге қамалады: Қытайда заңсыз жолмен медициналық бетперде жасаған азаматтар ұсталды — Қазақстан жаңалықтары
Қытайда қолмен медициналық бетперде жасап, оны сатумен заңсыз айналысқан 1560 адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ҚХР-дың қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі министрі Ду Ханвей мәлімдеді.
«Біз 688 істі тіркедік. Полиция қызметкерлері 31 миллион дана халықаралық және мемлекеттік стандарттарға сай келмейтін медициналық бетперделерді тәркіледі», -деді ол.
Қытайда мұндай әрекетпен айналысқан азаматтар өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылыруы мүмкін. Бұған қоса аспан асты елінің өкілдері заңсыз тауар жасап шығарған азаматтармен қоса, бетперделердің бағасын асыра қымбаттатып жібергендермен де күресіп жатқандығын айтып өтті.
Еске салайық, 26 ақпан күнгі мәліметтерге сәйкес, Қытайда аурудан көз жұмғандардың саны 2715-ке, індетті жұқтырғандардың саны 78 064-ке жеткен.
stan.kz