Депутаттар белгісіз заттан уланған баланы еске алды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Шымкентте қандала мен тарақандарға қарсы уды шашқаннан кейін 8 айлық нәресте белгісіз химикаттан көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Мәжіліс депутаттары тұрғын үйлерде құрт-құмырсқа мен тышқандардың көбейіп кеткеніне алаңдаушылық білдірді. Осы жәндіктерге қарсы қолданылатын химиялық препараттардан адам өлімі жиілеп кеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Соңғы кезде халық депутаттарға кеміргіштер мен құрт-құмырсқаның көбейіп кетуіне қатысты жиі арызданатын болды. Ал мамандар мемлекеттің бұл мәселені шеше алатынына күмәнмен қарайды. Осы орайда олар тірі жәндіктердің аса қауіпті инфекцияларды, соның ішінде адам өліміне себеп болатын ауруларды тарататынын еске салуда», — деді Павел Казанцев мәжілістің бүгінгі пленарлық отырысында.

Депутаттың айтуынша, тұрғын үйлерде тышқандар мен құрт-құмырсқаларды улағанда тұрғындар да зардап шегіп отырады. Тіпті, адам өлімі де бар.

«Мысалы, 13 ақпанда Шымкентте қандала мен тарақандарға қарсы уды шашқаннан кейін 8 айлық нәресте белгісіз химикаттан көз жұмды. Ақтау қаласында жыл басынан бері 6 адам уланып қалды. Былтыр 13 оқиға болған. Ал үш жылдың ішінде 8 адам көз жұмды», — деп атап көрсетті Казанцев.

Оның сөзіне қарағанда, тышқандар мен құрт-құмырсқаға қарсы химиялық заттардан улану фактілерінің көбеюіне үкіметтің бұрынғы шешімі де әсер еткен. Оған сәйкес, дезинфекциялық станциялар және осы саладағы қызметтер жекеменшік салаға ауыстырылған. Ал 2014 жылдан бастап ол жұмыстарды лицензиясыз жасауға рұқсат беріліпті. Соның салдарынан өз қызметіне жауапсыз қарайтын кәсіпкерлер көбейіп кеткен.

Туыстарының үйіне қонаққа барған: Шымкентте бір отбасы уланып қалды

«Бұрын ондай ұйымдардың басшылығына медицина қызметкерлерін қойып отыратын. Қазір олай емес, кез келген адам айналыса алады. Маман даярлау жүйесі мүлдем жоқ. Ал арнайы курстарға ешкім бармайды. Химиялық құралдардың саудасы да дұрыс бақыланбайды. Оған қоса бүгінде кәсіпкерлерді негізсіз тексеруге болмайды. Ол да қолбайлау болып отыр», — дейді Казанцев.

Депутат химиялық препараттардың құжатсыз сатылатынын да жеткізді. Ондай тауардың өндірушісі көрсетілмейді. Химикат тіркеуге қойылмайды. Соның салдарынан адам денсаулығына қауіпті препараттарды қолданып жатады. Осыған орай мәжілісмендер үкімет басшысы Асқар Маминге депутаттық сауал жолдап, дезинфекциялық қызметті мемлекеттің құзіретіне қайтаруды, я болмаса, лицензияны қайта беруді ұсынды.

 



sputniknews.kz