Қазақстан президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі тағайындалды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Мемлекет басшысы бұл қызметке сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісін тағайындады

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан — Sputnik. Қазақстан президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі қызметін Талғат Қалиев атқарады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Ғабдуллаұлы Қалиев Қазақстан Республикасы президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі қызметіне тағайындалды», — деп хабарланды Ақорданың ресми сайтында.

Айта кетсек, 56-шы Мюнхен конференциясында Тоқаев Ауғанстан президенті Ашраф Ғанимен кездесіп, Қазақстанның Ауғанстан бойынша арнайы өкілі қызметі енгізілетінін айтқан болатын.

Талғат Қалиев туралы не білеміз

Талғат Қалиев 1962 жылы 16 маусымда дүниеге келген. 1986 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі ҚазҰУ) бітіреді, тарих ғылымдарының кандидаты. 

Әр жылдары Қазақстанның Румыниядағы уақытша сенімді өкілі, Қазақстанның Оңтүстік Африка Республикасындағы елшісі, сыртқы істер министрлігінің сыртсы саясатты талдау және болжам департаментінің директоры қызметтерін атқарды.



sputniknews.kz