«Мен төрт сағат қана ұйықтаймын»: Q-POP бағытында орындайтын жас әнші өзінің бір күнімен бөлісті — Қазақстан жаңалықтары
Зирузамен өткен бір күн. Жас әншінің бір күні қалай өтеді? Немен айналысады? Бос уақытын Зируза достарымен бірге өткізеді екен. Айтуынша, тауға шығып серуендегенді жақсы көреді. Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі жас әншінің бір күнін бақылап көрді.
Тоқтаусыз көп жұмыс істейтін әнші кейде төрт сағат қана ұйықтайды екен. Өзі көп ұйықтағанды жақтырмаймын дейді.
«Аптаның жеті күнін өзімді дамытуға жұмсаймын. Биім, вокалым бар. Ал сенбі, жексенбі күндерін отбасыммен және достарыммен өткіземін. Мен жалпы ұйқыға жоқпын. Көп дегенде жеті сағат ұйықтаймын. Кейде төрт сағат ғана ұйықтайтын кездер болады. Сол себептен сергек жүруге тырысамын», – дейді Зируза.
Әнші қыдырғанды аса ұнатпайды екен. Кейбір қатарластары секілді түнгі клубқа баруды жөн санамайды.
«Шыны керек әлі күнге дейін түнгі клубқа бармаппын. Өйткені түнгі клубта қатты бір қызық нәрселер болады деп айта алмаймын. Достарым бар. Егер қаласам, үйде де түнгі клуб бола аламын. Әркімнің өз қалауы бар. Ал менде түнгі клубқа деген құштарлық жоқ. Одан да достарыммен Көлсай сияқты жерлерге барғанды жөн көремін», – дейді Зируза.
Сұхбатты толығымен сайтымыздың Youtube-каналынан көре аласыздар.
stan.kz