Авторлық бағдарлама «Ойна-да ойлан!» — Балабақшадағы ойындар
Сабақ реті
Сабақ тақырыбы
Vақсаты
Құрал-жабдықтар
Ойынның мазмұны
Сағат саны
Геометриялық пішінге арналған дидактикалық ойындар – 12 сағат.
1
«Дәл осындай пішінді тап»
геометриялық пішіндер
жайлы білімдерін бекіту, пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру.
бала саны
бойынша құлыптың суреттері, геометриялық пішіндер.
Алдарындағы сиқырлы
құлыпты ашуды ұсыну. Құлыптың кілттері де сиқырлы, геометриялық пішіндерден
құралған екенін айту. Әр бала құлыпқа сай келетін кілтті алып, құлыпты ашады.
1
2
«Үйдің есігін жабайық»
заттарды өлшемі
бойынша салыстыруға, жуан, жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту.
үйдің, есіктің суреттері.
Қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін балаларға тарату. Жуан және жіңішке
есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну.
1
3
«Үй құрылысының ретін көрсет»
түстерді
ажыратуға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту.
баланың саны бойынша әртүрлі түсті жолақтар, пішіндер, үй суретінің үлгісі.
Үйдің суретінің үлгісін көрсету. Балаларға әртүрлі жолақшаларды, пішіндерді таратып беру. Үлгіге қарап осы пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну
1
4
«Жұбын тап»
геометриялық
пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; білімдерін бекіту, ойлау
қабілеттерін дамыту.
әртүрлі ретте орналасқан геометриялық пішіндердің суреттері.
Ггеометриялық пішіндер орналасқан суреттерді тарату. Үлгі ретінде бір суретті көрсетіп, дәл осындай суреттін жұбын табуды ұсыну. Суреттердің дұрыстығын
тексеру үшін оларды салыстыру.
1
5
«Әдемі кілемшелер»
бөліктерден кілемше жасауға үйрету; қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту;
ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
қағаздан жасалған кілемшелер, геометриялық пішіндер.
Балалар геометриялық пішіндерді берілген кілемшелердің үстіне
қойып, құрақ құрайды
1
6
«Таныс пішіндер доминосы»
геометриялық
пішіндер жайлы білімдерін бекіту; көп заттың ішінен біреуін таңдауға
жаттықтыру.
пішіндер бейнеленген суреттер.
Балаларға суреттерді таратып беру. Жүргізуші бірінші суретті үстелдің ортасына қояды, қалған балалар сурет сәйкес өзінің суретін қояды, суретте бейнеленген пішінді атайды. Ойын осылай жалғаса береді.
1
7
«Зейінді бол»
Күрделі геометриялық суреттен үшбұрышты, төртбұрышты, шеңберді көрсете
білу.
Геометриялық
пішіндер кескінделген суреттер /5–сурет/.
Тәрбиеші көрсеткіш
таяқшамен 1-ші /2-ші, 3-ші, 4-ші, 5-ші, 6-шы/ суретті нұсқап, балаларға мынадай сұрақ қояды: Суреттен қандай таныс пішінді көресіңдер? Әрбір суретте өзара ұқсас неше пішін бар?
Есептеу кезінде аз қателескен қатар ұтып шығады.
1
8
«Мынау қай пішін?»
Геометриялық
пішінді сипалап анықтау арқылы айта білу.
Картоннан жасалған геометр.
пішіндер 5 түрі
Бала топқа қарап тұрып, қолын артқа ұстайды. Тәрбиеші оның қолына геометриялық пішінді ұстатады. Бала оны сипап байқап, балаларға көрсетпей атын атайды.
1
9
«Кім зейінді?»
Белгілі
геометриялық пішіндерден әртүрлі нәрселер құрастыру.
Сіріңке
қорабында таратпа геометр. пішіндер.
Тәрбиеші төмендегі
бейнелерді геометриялық пішіндерден алып бейнелер құрайды. Жылдам болған бала мадақталады.
1
10
«Қандай пішін шықты?»
Таяқшалардан
таныс геометриялық пішіндер құрастыра білу.
Әрбір балаға 10 данадан санағыш таяқшалары
Тәрбиеші үш таяқша алып, олардан пішін құрастыруды ұсынады. Қандай пішін шықты? Енді төрт таяқша алып, пішін құрастыру ұсынылады. Қандай пішін шықты? Тәрбиеші тағы да бір таяқша алып, оны шаршының, төртбұрыштың үстіне қоюды ұсынады. Қандай пішін шықты?
1
11
«Бос торларды сәйкес пішіндермен толтыр»
Геометриялық
пішіндерді танып, атай білугеүйрету. Бос торларды сәйкес пішіндермен толтырту.
Әр балаға жеткілікті таратпа суреттер.
Балаларға суреттер таратылып беріледі. Суреттердегі бос торларды сәйкес пішіндермен толтыр.
1
12
«Қандай пішін жетіспейді?»
Геометриялық
пішіндерді атай білуге үйрету. Қай пішін жетіспейтінін тапқызу.
Геометриялық
пішіндер. (Қораптан алу)
Тақтаға геометриялық пішіндер қойылады. Балаларға көздеріңді жұмыңдар деп, бір пішінді алып қояды. Балалар қай пішін жетіспейтінін табады.
1
Кеңістіктер туралы дидактикалық ойындар – 9 сағат.
13
«Доппен ойнау»
Жоғары-төменде», «астында-үстінде», «сол жақта-оң жақта» ұғымдарын бекіту
доп.
1-нұсқау. Балалар екі командаға бөлінеді. Жіп керіліп, оның екі ұшынан ұстап тұруға болады. «Доп төменде» деген бұйрық берілісімен екі бала /әр командадан/ бірден допты жіптің астынан алып өтеді де, «доп жоғарыда» деген бұйрық берілісімен жіптің үстінен лақтырады. Әрі қарай ойынды ойыншылардың келесісі жалғастырады. Ешқандай қате жібермеген команда ұтып шығады.
2-нұсқау: Балалар сапқа
тұрады. Доп бірінші баланың қолында «доп оң жақта» деген бұйрық айтылғанда доп оң жаққа беріледі. «Тоқта» деген бұйрық бойынша допты сапта тұрған балалардың
біреуі ұстап қалады. «Доп сол жақта» деген бұйрық бойынша доп сол жаққа
беріледі.
Тапсырманы дәл әрі тез орындаған балалар
жеңімпаздар атанады.
1
14
«Кеңістік»
балаларды кеңістікті бағдарлауға жаттықтыру; ойлау
қабілеттерін, қабылдау, зейін процесстерін дамыту.
әртүрлі заттар бейнеленген суреттер.
Балалардың алдында үлкен бөлменің суреті тұрады.
Суреттерді таратып беру. Оларды орындарына орналастыруды ұсыну.
Мысалы, балықты аквариумға салу, гүлді үстелдің үстіне, суретті қабырғаға ілу. Ойын
осылай жалғаса береді.
1
15
«Ойыншықты
тап»
Кеңістікті
бағдарлай білуге үйрету
Топтағы
ойыншық.
Тәрбиеші ойыншықты тығып қойып, бір баланы тақтаға шақырады. Тәрбиеші нұсқауымен, мысалы: 1 адым алдыға оңға бұрыл, 2 адым алдыға тура жүр деп ойыншыққа дейінгі жолды айтып отырады. Бала айтылған нұсқаумен дұрыс жүріп отырса, ойыншықты табады.
1
16
«Жоғарыда–төменде, биік-аласа»
жоғары- өмен,
биік-аласа ұғымдарын пысықтау.
Көгілдір аспан,
жасыл алқап, өзен бейнеленген сюжетті суретті плакат тақтада. Қорапта ұшақтың,
құстар түрлері, балық түрлері, аңдар түрлері қатырма қағаздан жасалған.
Тақтаға бір баланы шақырып қораптағы бір бейнені алып, атын атап, орынын анықтап сюжетті суретке іледі. Мысалы: Ұшақ жоғарыда-аспанда ұшады, балық төменде-су ішінде жүзеді, — деп сипаттап айту керек.
1
17
«Оң және сол»
Он және сол жақты, үлкен және аз заттарды ажыратуға жаттықтыру.
үлкендігі әртүрлі ойыншықтар.
Бір баланы ортаға шақырып, оң қолына үлкен ойыншықты, сол қолына
кішкентай ойыншықты ал деп тапсырма береді. Ойын осылай жалғаса береді.
1
18
«Танып ал да, атын ата»
заттың
түр-түсін, пішінін, атын атауға жаттықтыру; сөздік қорын молайту; ойлау
қабілетін дамыту.
әр түрлі ойыншықтар немесе суреттер.
Балаларға әртүрлі ойыншықтарды көрсету. Ортаға бір-бір баладан шақырып, бір
ойыншықты алып, оның түр-түсін, пішінін, қасиетін анықтауды және сол ойыншық жайлы әңгіме құрауды немесе тақпақ айтып беруді ұсынады.
1
19
«Тәулік
бөліктері »
тәулік
бөліктері жайлы білімдерін бекіту; тәулік бөліктерін атауға, ажыратуға
жаттықтыру.
суреттер
Балалар кезектесіп суретті
алып, тәуліктің қай бөлігі екенін айтады, сол сурет бойынша әңгіме құрайды.
1
20
«Сипаттамасы бойынша тап»
Ұзын-қысқа,
кең-тар, биік-аласа, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту
Топтағы
жануарлар бейнелейтін ойыншықтар.
Сөреге аю, қоян, қасқыр, түлкі т.с.с 5-6 ойыншықтар қояды. Әрбір ойыншықтарды анықтап қарап, атын қайталайды. Балалардың біреуін бөлмеден шығарып, ойыншықтар туралы жұмбақтар құрастырады, м: «Ұзын құлақ, қыли көз,
қысқа құйрық-бұл қай аң? Жұмбақтарды құрастырып болған соң, баланы шақырады. Егер ол жұмбақ дұрыс шеше алмаса, қолына сол ойыншық беріледі де, жұмбақ қайта айтылады.
1
21
«Қалай жүріп, нені тапқың келеді?»
Кеңестікті
бағдарлай білуге үйрету. Оң-сол, алдында- артында ұғымдарын бекіту.
Кез-келген ойыншықтар немесе суреттері.
Тәрбиеші ойыншықтарды топтың әр жеріне қояды: баланың оң жағына-машина, сол жағына-доп, алдына-қуыршақ, артына-зымыран қойып былай дейді: «алдыңда қуыршақ, оң жағында машина, сол жағыңда доп, артыңда зымыран, қалай жүріп, нені тапқың келеді?»
1
22
«Ойыншықты
тап»
Кеңістікті
бағдарлай білуге үйрету.
Топтағы
ойыншық.
Тәрбиеші ойыншықты тығып қойып, бір баланы тақтаға шақырады. Тәрбиеші
нұсқауымен, мысалы: 1 адым алдыға оңға бұрыл, 2 адым алдыға тура жүр деп
ойыншыққа дейінгі жолды айтып отырады. Бала айтылған нұсқаумен дұрыс жүріп
отырса, ойыншықты табады.
1
Сандық құрамды ажыратуға арналған ойындар – 11 сағат.
23
«Карточкаға қандай сан жазылған?»
Суретті карточкалар.
1-нұсқау: Тәрбиеші
карточканың бетіндегі 2 түсті дөңгелекті төмен қаратып қолына ұстап тұрады да, балаларға былай дейді: «Карточкада екі сан» бейнеленген. Егер оларды қоссақ 5 болады. Карточкада қай сандар бейнеленген? «Балалар түрліше жауап береді».Балалардың біреуі карточкада жазылған сандарды атаған кезде тәрбиеші карточканы
топқа көрсетеді.
2-нұсқау: «Егер тоғыздан
біреуін кемітсендер, сендер менің қолымдағы санды табасындар». Балалар бұл
санды атайды. Жауабын бірнеше баладан сұрау керек. Тәрбиеші сандық карточканы балаларға алдын ала көрсетеді.
Бірінші болып дұрыс жауап берген бала ұтып шығады.
1
24
«Сан құрастыр»
Санның құрамын
пысықтау.
Суретті
карточкалар.
Бетіне бір сан, мысылы «6» саны жазылған карточканы көрсету. Әрбір бала қосындысы «6» санын құрайтын екі сандық карточкаы көрсетуі тиіс.
Мысалы: бір карточкада 5 дөңгелек, екіншісінде – 1 дөңгелек, біреуінде–3, екіншісінде — 3 шаршы және с.с.
1
25
«Поезд құрастыр»
1-ді қосу
таблицасын қайталату.
1-ді қосу таблицасы берілген карточкалар, 0+1, 1+1, 2+1, т.с.с.
Карточкаларды балаларға таратып беру, оларды вагондар, ал бір баланы тепловоз деп тағайындау. Балалар қолдарындағы карточкаларына қарай отырып, алдымен «тепловозға» ретімен тіркелуі тиіс.
1
26
«Дыбыс арқылы санды тап»
Есту мүшелері
арқылы баланың ойлау қабілетін анықтау.
Сіріңке
қорабындағы таратпа сандар.
Тәрбиеші қарындашпен
үстелді дыбыс шығатындай етіп тықылдатады. Балалар тыңдап отырып алдарындағы цифрларынан тиісті санды көрсетеді.
1
27
«Тез ойла»
заттарды салыстыру, оң жақ, сол жақ сияқты түсініктерін дамыту. Кеңестікті
бағдарлай білуге үйрету,шапшандыққа, тез ойлауға баулу.
Топтағы
заттармен.
Тәрбиеші балаға өзінің
алдында, оң, сол жақтарында нелер тұрғанын айтқызу. Кеңістікті бағдарлай білуге
үйрету.
1
28
«Әрі қарай кері сана»
10 көлеміндегі сандарды кері қарай санауды қайталау.
Доп, сандық
карточкалар.
санды көрсету, бір баланың атын атап: «Әрі қарай кері сана» — дейді. Ол санай бастайды.Тәрбиеші балалардың біреуіне қарап, доп лақтырады. «Жеті» — дейді. Допты тосып алған бала «үш, екі, бір» деп жалғастырады.
1
29
«Жазылмай қалған сандарды ата»
Сандардың реті туралы білімдерін бекіту;
байқағыштыққа, тез орналастыруға баулу; математикаға
қызығушылығын арттыру.
15 дана сіріңке қорабындағы сандар.
Сандар ретімен толық жазылмаған текшелер таратып беру. Мысалы: 1 3 6 8 9. Балалардың міндеті
сол қолдарындағы текшелерден жазылмай қалған санды анықтап атау. Егер сандар ретін анық атап шықса, жұлдыздармен марапатталады. Ал егер сандар қатарындағы жоқ санды таба алмаса, текшедегі бар сандардың құрамын анықтайды.
1
30
«Неше саңырауқұлақ немесе көкеністер?»
Артық-кем ұғымдарын бекіту.
Кәрзеңке,
санырауқұлақтар, көкеністер. (15 дана)
Сұрақтар қою: «Саңырауқұлақтың саны үштен кем, бірден артық. Неше саңырауқұлақ
бар? Кәрзеңкеге көкеніс түрлерін салғызып жаттығуды қайталайды.
1
«Нешінші?»
«Нешінші?» ұғымын қалыптастыру. Балалардың сөздік қорын
дамыту, қызығушылығын арттыру.
Топтағы 10 түрлі ойыншықтар
Тақтаға 10 түрлі ойыншықтар суреті ілінеді. Ортаға бір бала шығып, қатардан бір ойыншықты алады. Балалар қатардан нешінші затты
алғандығын алақандарын шапалақтау арқылы көрсетеді. Ойыншықтың атын атау керек.
Ойын барысында «нешінші?» деген ұғымды қалыптастыру.
1
31
«Қол соғу»
Тез, дәл қимыл жасау, есту
қабілетін жетілдіру, ретімен санауды, қанша, қанша болса сонша ұғымдарын
қалыптастыру.
Тәрбиешінің және әрбір баланың алдына тілі бар
дөңгелек/
1-нұсқау:
Тәрбиеші қол соғады, балалар санайды. Тақта алдына шақырылған бала тәрбиешінің неше рет қол соққанын айтуы немесе дөңгелектің тілін саны сонша қара дөңгелекшелер тұрған бөлікке қаратып қоюы тиіс.
2-нұсқа: Ойын күрделенеді. Балалар үндемей, қол соғу санын есептейді, әрқайсысы дөңгелек тілін өздігінен жылжытады. Тәрбиеші қатарларды аралап, ойын ережесінің дұрыс орындалуын тексереді. Ойын екі-үш рет қайталанған соң қорытындысы шығарылады. Ойыншылары қателеспеген қатар ұтып шығады.
1
32
«Өзара айырмашылығын тап»
Суреттерді салыстыра отырып, айырмашылығын тапқызу. Сөйлеу
дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілетін жетілдіру.
бала санына суреттер жинағы.
Әр балаға суреттер таратылып беріледі. Суреттерді салыстыра отырып,
айырмашылығын тапқызу.
1
33
«Керісінше айт»
Тәулік жөнінде
түсініктерін кеңейту. Қарама-қарсы мағыналы сөздермен жауап бере білуге үйрету.
доп
Балаға допты беріп
қарама-қарсы мағыналы сөзбен жауап беруді сұрайды. Мысалы: «таң» десе, бала
«кеш» деп жауап береді.
1
34
«Апта күндері»
Апта күндерін
атап, есте сақтай білуге үйрету.
Апта күндерін
шартты түрде белгілейтін 1-ден 7-ге дейін дөңгелектермен дайындалған карточка
Арнайы дайындалған карточканы көрсетіп, таныстыру. Апта күндерін атату, Карточканы таратып беру. Тақтаға шыққан бала карточкаға сәйкес өз апта атын білу керек. Тәрбиеші бұйрығымен, «дүйсенбі» бір адым алдыға десе, тұрып қалмай алдыға шығу керек. Бұдан соң балалар кезекпен ауысып тақтаға шығады.
1