Бекзат Саттархановтың әкесі өмірден озды
Қысқа сілтеме алу
Сейілхан Саттархановпен қоштасу рәсімі ертең, 26 ақпан күні Түркістан қаласында сағат 15.00-де болады
АЛМАТЫ, 25 ақпан – Sputnik. Сиднейде өткен XXVII Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың әкесі Сейілхан Саттарханов дүниеден озды. Бұл ақпаратты Түркістан облысының спорт басқармасы растады.
«Бүгін Сейілхан Саттарханов дүниеден өтті. Ертең Түркістан қаласында 15.00-де жаназасы шығарылады», — деді басқармадағылар.
Бекзат Саттарханов 1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласындағы қарапайым отбасында өмірге келді. Ол – үйдің кенжесі. Әкесі – Сейілхан, анасы — Сырлыкүл. Әлемді мойындатқан боксшының Бағдат, Болат, Мақсат есімді ағалары бар.
©
Sputnik / Дәурен Ерболат
Сиднейде өткен XXVII Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың ата-анасы
2000 жылдың 31 желтоқсан күні жаңа жылға 15 минут қалғанда Шымкент қаласының маңындағы Темірлан бекетінде Бекзат Саттарханов жол апатынан қаза болды. Әуесқой бокста Бекзат Саттарханов 143 жекпе-жек өткізіп, 132 кездесуінде жеңіске жеткен.
Тағы оқыңыз: «Ұлымды ұмытты, ешкім есіне алмайды» Бекзат Саттархановтың әкесі ренішін айтты
2019 жылы спортшы жайында «Хабар» агенттігінің тапсырысымен «Бекзат» көркем фильмі түсірілді. Режиссері – Мұрат Бидосов, сценарий авторы – Сержан Закерұлы. Түсірілім Түркістан, Шымкент, Тараз қаласында және шетелде өтті.
sputniknews.kz