Төртеуі қытайлық: ШҚО-да 15 адам коронавируске байланысты карантинге жабылды — Қазақстан жаңалықтары
Шығыс Қазақстан облысында Қытай елінен келген 15 азамат карантиндік бақылауға алынды. Қазір олар арнайы жасақталған ауруханада жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.
Ақпанның 19-20 күндері аралығы Зайсан ауданы Сарытерек және Айнабұлақ ауылдарының тұрғындары ҚХР-ден келгендерді 14 күн бойы жергілікті станционарда оқшаулау шарасына қарсы болып, бас көтерген еді. Олар медициналық мекемеге апарылған төсектерді қайтадан алып кетуге мәжбүрлеген. Осыдан кейін Зайсан ауданына Даниал Ахметов екі барыпты.
Шығыста жалпы 15 адам карантиндік бақылауда жатыр. Олардың 11-і Қазақстанның, 4-і Қытай елінің азаматтары.
«Олардың барлығының дені сау, ешқандай аурудың белгілері жоқ. Қытай азаматтары біздің облысқа үшінші ел арқылы тарнзиттігінен кірген. 14 күн өткеннен кейін олардың барлығы өз елдеріне қайтарылады», — деді ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан.
Бұға қоса Жапонияның круиздік лайнерінде карантинге жабылып, артынша елге оралған төрт қазақстандық та қазір карантинге жабылған.
stan.kz