Жапонияда әлемнің ең қарт тұрғыны қайтыс болды — Қазақстан жаңалықтары

0

Әлемнің ең қарт тұрғыны жапондық Ватанабэ Титэцу 112 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

қарт

Ол Ниигата префектурасындағы қарттар үйінде көз жұмды. 12 ақпанда Ватанабэ Титэцу Гиннесс рекордтар кітабына Жердің ең қарт тұрғыны ретінде кірді.

Ватанабэ 1907 жылы 5 наурызда шаруа отбасында дүниеге келген және 20 жасында Тайваньға көшіп, онда 18 жылын өткізген. Кейіннен Жапонияға қайта оралған.

Титэцудан бұрын 2019 жылы 20 қаңтарда 113 жасында қайтыс болған Хоккайдо тұрғыны Масазо Нонака әлемдегі ең қарт адам болып саналды.

stan.kz