Тұман салдарынан Алматыға ұша алмаған 300 жолаушы шу шығарды — новости Казахстана

0

Астана мен Ақтаудан ұшып, Алматыға қонуға тиіс ұшақтар Шымкент әуежайына қонуға мәжбүр болған. 300-ге жуық жолаушы Алматыға жете алмай қалған деп хабарлайды КТК арнасы.

euro-tours.travel

Фото:euro-tours.travel

Күні бойы ұшақ күтуге мәжбүр болған жолаушылар шу шығармағанша оларға су да берілмепті. Жолаушылар азаматтық авиация комитетіне шағым түсірмекші екен.

«Алматыда қаншама жоспарым бар еді. Қаншама адам жұмысынан қалды. Спортшылар жарысқа қатыса алмады. Өтемақы талап етеміз. Енді желкемнің шұқыры көретін болсын», — деді ашынған жолаушы Сәрсенбай Өстеміров.

Скат әуекомпаниясының өкілдері мұндай кідірісті қауіпсіздік шараларымен түсіндірген. Алматыда қалың тұман болғандықтан ұшақты қондыру мүмкін болмапты.

Табиғи фактор болғандықтан, ұшақтардың қашан көкке көтерілетінін айта алмайды екен.

«Алматы әуежайы тұманданып, қону қауіпті болғандықтан, ұшақтар Шымкентке қонды. Біз бірінші кезекте жолаушылардың қауіпсіздігін ойладық. Ал, тұман үшін біз жауап бере алмаймыз. Сондықтан, ешқандай өтемақы төленбейді. Біз қолдан келгеннің бәрін істеп жатырмыз. Келтірілген ыңғайсыздық үшін кешірім сұраймыз», — деді Скат әуекомпаниясының ресми өкілі Виктория Старожилова..

Дереккөз: КТК арнасы


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар