Аңқаулығымнан қармағына түстім: «Гарант 24» ломбардқа сенген вайнер Мейіржан Туребаев автокөлігінен айырылып қалды — Қазақстан жаңалықтары
Белгілі вайнер Мейіржан Туребаев полицияға «Гарант 24» ломбардының қызметкері тарапынан алаяқтық орын алғаны туралы арыз жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Туребаевтың айтуынша, қулықпен оның автокөлігін алған.
«Өкінішке орай, елдерге сенген едім. Олар арам пиғылмен өз жұмыстарын таныстырды. Аңқаулығымнан қармағына түсіп қалдым. Сөйтіп автокөлігімді кепілдікке бердім», — дейді вайнер Instagram-парақшасында.
Ол елорданың Есіл аудандық полиция басқармасына арыз жазған. Сөзін дәлелдеу мақсатында Туребаев оқырмандарына ломбардпен отырған келісімшартын көрсетті.
stan.kz