Қайрат Рахымов энергетика вице-министрі болып тағайындалды
Қысқа сілтеме алу
Қайрат Рахымов бұған дейін энергетика министрлігінде электр энергетикасы департаментінің директоры қызметін атқарған
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Үкімет қаулысымен Қайрат Рахымов Қазақстанның энергетика вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады primeminister.kz.
Оқи отырыңыз: Динара Щеглова мен Жанат Жахметова вице-министр қызметіне тағайындалды
Қайрат Рахымов туралы не білеміз?
Қайрат Рахымов 1985 жылы Қарағанды облысы, Теміртау қаласында дүниеге келген.
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін және Сеул ұлттық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006 жылы Қарағанды қаласында «Қарағанды-Жарық» ЖШС-да электромонтер болып бастаған.
2007-2015 жылдары энергетика министрлігінде және табиғи монополияларды реттеу агенттігінде сарапшы, бас сарапшы, басқарма басшысы лауазымдарын атқарған.
2015-2018 жылдары — энергетика министрлігі электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары.
2018 жылғы шілдеден бастап қазіргі таңға дейін энергетика министрлігі электр энергетикасы департаментінің директоры қызметін атқарды.
sputniknews.kz