Қорықшыны өлтірген браконьерлер өмір бойына бас бостандығынан айырылды — Қазақстан жаңалықтары
Табиғат қорықшысы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне және оның әріптесі Петр Ницыкқа жасалған әрекетке қатысы бар браконьерлерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қылмысқа қатысқан барлық 7 браконьерге сот үкімі шықты. Олардың ішінде, Берік Ахметов, Қайрат Ақшанов және Нұрлан Шүкілдіковке ең жоғары жаза тағайындалды. Олар өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Қалған төрт қылмыскер заңсыз аң аулағаны үшін алты жылға бас бостандығынан айрылды.
Сондай-ақ, Базаров Б. М., Қайырбеков Б. С., Мырзабаев Ж. К. және Әкімов А. У. бес жылға осы қызметпен айналысу құқығынан айрылды.
Сот сотталғандарға моральдық және материалдық зиян үшін зардап шеккен инспекторға және қаза тапқан қорықшының туыстарына өтемақы төлеуге қаулы етті.
Қылмыскерлер Петр Ницыктың пайдасына 500 мың теңге материалдық шығын және моральдық зиян үшін 6 миллион теңге төлеуі тиіс.
Қайтыс болған Ерлан Нұрғалиевтің ағасының пайдасына 500 мың теңге материалдық шығын және 9 миллион теңге моральдық шығын төлеу бекітілді. Ал қорықшының ұлының пайдасына сотталғандар 1 миллион 890 мың теңге көлемінде материалдық шығын және 15 миллион теңге көлемінде моральдық шығын төлейді.
Бұдан басқа, барлық сотталғандардан ақбөкенді ату салдарынан қоршаған ортаға келтірілген 89 миллион 763 мың 750 теңге көлемінде материалдық залал мемлекет пайдасына өндірілді.
Айта кетейік, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ және сотталғандар оған шағымдануға құқылы.
stan.kz