Бас прокуратура Мұхтар Әблязовке қатысты мәлімдеме жасады – видео

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Бас прокуратурада «Қазақстанның демократиялық таңдауы қозғалысы» экстремистік ұйымына қатысты брифинг өтті

НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Қазақстанның бас прокуратурасы қашқын банкир Мұхтар Әблязовқа қатысты мәлімдеме жасап, қазақстандықтарды сақ болуға шақырды.

«Қазақстан демократиялық таңдауы қозғалысы — экстремистік ұйым. Оны кім басқаратынын көпшілік біле бермейді. Жетекшісі — Мұхтар Әблязов. Оның арбауына түскен кейбір азаматтар, өкінішке қарай, оған зор сенім артады», — деді бас прокуратураның ресми өкілі Оксана Петерс брифингте.

Ол әрі қарай Аблязовтың қылмыстарын еске салды. Энергетика министрі кезінде жемқорлық жасағаны үшін 2002 жылы 6 жылға бас бостандығынан айырылған. 2005 жылы өзінің бизнес-серіктесі, БТА банктің төрағасы Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырғаны ашық сотта дәлелденгенін айтады.

«Қылмыстары әшкереленген соң ол 2009 жылы Ресейде, кейін Англияда, 2012 жылы Францияда бас сауғалады. Шетелде жайлы өмір сүру үшін алдын-ала қаражатты оффшор арқылы елден шығарып алған», — деді Петерс.

Айтуынша, Әблязовтың алаяқтық әрекеттерінен қазақстандықтар ғана емес, француздар, немістер, америкалықтар мен басқалар да зардап шегуде.

Сөз соңында Бас прокуратураның ресми өкілі Қазақстан азаматтарын арандатушылыққа бой алдырмауға, заңсыз акцияларға қатысудан бас тартуға шақырды.

«Бүгінде Әблязов халық мүддесін желеу етіп, жалған ұранмен азаматтарды заңсыз акцияларға  үгіттеуін жалғастырып келеді. Ол сіздерді қоғамда әлеуметтік алауыздық және ұлтаралық қақтығысты тудыру үшін пайдалануда. Оған  бір-бірімізге деген сенімімізді жоғалтқанымыз тиімді. Аблязовтың көксегені — еліміздің тыныштығы, азаматтарымыздың амандығы емес,  жеке басының мүддесі, мансабы. Ол қылмыстық жауаптылықтан құтылуды көздейді», — делінген үндеуде.

Тағы оқыңыз: Көше сыпырып кеткен — Әблязовтің елге оралған сыбайластарының тағдыры белгілі болды



sputniknews.kz