Ресейлік сарбаздар коалициямен арадағы хаттама ережесін бұзды
Сириядағы Ресей әскерилері халықаралық коалиция күштерімен қақтығысты болдырмау туралы хаттаманы бұзды деп мәлімдеді 20 ақпанда «Ислам мемлекеті» террористік тобымен күрес бойынша халықаралық коалицияның өкілі Майкл Кэггинс. Коалицияда АҚШ жетекші рөл атқарады.
Бейсенбі күні Сирия шығысында Ресей мен америкалық броньды техниканың қатысуымен болған оқиға туралы видео интернетте тарап кетті. Камышлы қаласында ресейлік «Тигр-М» броньды көлігі америкалық M-ATV Oshkosh қуып жетпек болып, жолдан өтіп бара жатқан қарапайым Сирия азаматын қағып кете жаздаған.
«Ресейлік сақшы қақтығысты болдырмау туралы ережеге бағынған жоқ, америкалық әскерилер операция жүргізіп жатқан аумақтан жерге шығарылды» деді Кэггинс Jerusalem Post басылымына. Оның айтуынша, ресейлік әскерилер үнемі ереже бұзады, дегенмен тараптар арасында байланыс кәсіби дәрежеде өтеді.
АҚШ бастаған халықаралық коалиция 2014 жылы Сириядағы радикалды топтармен күрес бастаған. Коалиция Сирияның демократиялық оппозиция күштерін қолдайды. Ресей Сирияда әскери операциясын 2015 жылы күзде бастаған. Ол президент Башар Асад әскерін қолдап, бірнеше жылдан бері жалғасып келе жатқан азаматтық соғыста Асадтың басымдыққа ие болуына ықпал еткен. Батыс Мәскеуді адам құқығын өрескел бұзды деп айыптаған.