8 наурыз мерекесіне орай өткізіліп отырған сайыс
Мақсаты: Оқушылардың ой — өрісін, тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту. Ана алдындағы парызы мен қарызы туралы білім беру. Балаларды анаға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке, сый құрметке тәрбиелеу.
Безендіру: Зал іші көктем мерекесіне байланысты безендірілген. Көктемдік гүлдер мен шарлар және де музыкалық аппараттар.
1 — жүргізуші:
Қайырлы күн халайық, өнер сүйген,
Көрермендер көңілге көп ой түйген.
Құттықтаймыз арулар, аналарды,
Сый тартайық әсем ән, тәтті күймен.
2 — жүргізуші:
Жыр арнайық оларға жігері ассын,
Гүл арнайық көңілі шалқып тассын.
Сыр арнайық жүректі жарып шыққан,
Нұр арнайық қуатын беріп жастың.
1 — жүргізуші: Құрметті ұстаздар, аналар, қыз – келіншектер және көрермендер! Сіздерді келе жатқан 8 – наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақыт тілейміз.
2 — жүргізуші: Бүгін мерекеге орай балабақшамызда өткізілгелі отырған қыз балалар мен олардың аналарына арналған «Өнерлі қыз, өнегелі Ана» атты сайысқа қош келдіңіздер. Бұл сайыста қыздар мен аналар өз өнері, білімі, тапқырлығы және шеберліктерін көрсетіп сынға түскелі отыр.
1 — жүргізуші: Ендеше сайысымызға қатысушы сайыскерлерді ортаға шақырайық.
1. «1» отбасы «Қызғалдақ» тобы
2. «2» отбасы «Жауқазын» тобы
3. «3» отбасы « Роза» тобы
4. «4» отбасы «Раушан» тобы
2 — жүргізуші — Алдымен сайыскер ару, аналарымыздың ішінен білімі мен білігі, бағы мен бабы қатар жанған жандарды дәл анықтап беретін әділ — қазы алқасымен таныстырып алайық:
1 — жүргізуші: Енді көрермендерге сайыстың шарттарымен таныстырып өтейік. Сайыс 5 бөлімнен тұрады.
1. «Сәлем – сөздің атасы» яғни өз — өзін таныстыру.
2. «Кім жылдам?» Қызықты суреттер сайысы (Бұл сайыста әр топқа суреттер қойылады. Аналар қыздарымен бірге суретті әдемілеп бояп шығу керек)
3. «Ойлан тап» (аналар сұрақтар таңдап алады)
4. Өнер сайысы.(ата — аналар өз өнерлерін көрсетеді)
5. «Дәм думан» бұл тағамдар сайысы. (ата — аналарға үй тапсырмасы сайысы).
6. Сән сайысы яғни көктемгі сән үлгілері.
2 — жүргізуші: — Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
1 — жүргізуші: «Сәлем – сөздің атасы» — деп басталатын бірінші кезеңімізді бастаймыз. Әр топ бір ерекшеліктерін көрсете отырып тақпақ ретінде ма, қимыл ретінде ма таныстырып өтеді.( танысу)
2 — жүргізуші:- Тамаша, әділқазылар бағаларын қойып шыққанша, «Жауқазын» ортаңғы тобының балалары сіздерге ән сыйлап отыр, бірге тыңдайық.
Ән: «Құттықтаймын, мама, туған күніңмен!»
1. Нұрын төккен маған,
Шуағымсың — сен!
Айналайын, мама,
Қуанышыңмен!
Шаттандырған мені,
Жұбанышым – сен!
Құттықтаймын сені,
Туған күніңмен!
2. Аялаған мені,
Ән қанатымен!
Құттықтаймын сені,
Салтанатыңмен!
Бақытты ғой заман,
Қандай көңілді!
Мен тілеймін саған
Ұзақ өмірді!
1 — жүргізуші: Тамаша, рахмет балалар, осындай әдемі өлең айтып берген балапандарымызға қошемет көрсетейік. Енді әділқазылар бағасы дайын болса, назар аударайық.
2 — жүргізуші: Сайысымыздың 2 – кезеңі «Қызықты суреттер» сайысы. Әр отбасы алдарындағы суреттерді қызымен бірге әдемілеп бояйды, дайындалуға 1 минут уақыт беріледі. Суретті бояп бітірген сайыскер ұпай иеленеді.
1 — жүргізуші: Екінші сайыстың ұпайларын санағанша
«Жауқазын» ортаңғы тобының ұл балдары қыздарымызға
арнаған өз құттықтауларын білдірмекші.
Аймұрат. Мені жақсы көреді,
Күндей күліп жүреді.
Көп ертегі біледі,
Мені жақсы көреді.
Мейіржан: 8 — наурыз келіпті,
Қыздар жайнап өсіпті.
Көктемнің жайнаған күнінде,
Әдеміленіп кетіпті.
Саят: Құттықтаймын қыздарды,
Болса екен бақытты.
Дүниенің бір бөлігі,
Әсем қандай сөздері.
Әнуар: Меңгеруші Сәуле апайымыз,
Ол да біздің анамыз.
Сізді біз құрметтеп,
Басымызды иеміз.
Нұрбаян: Біздің қыздар керемет,
Әр сөздері нәр береді.
«Жауқазынның» жігіттері
Құттықтайды аруларын
8 — наурызымен.
Бағдәулет: Перизат, Жанерке, Қарақат, Нұршат,
Топтың үздік белсенді.
Басқа топқа үлгі боп,
Сабағына үлгерді.
Ералы: Ақторғын, Раулан, Мадина, Жансезім,
Әр бақшадан жиылған.
Қазіргі кезде бір үйдің,
Қыздарындай боп кеткен.
Расул: Кәусар, Назерке, Жансәулем,
Сабағы да керемет.
Топтың үздіктеріндей
Озат болсын деп тілеймін.
Қасиет: Айым, Нұрай, Мадина, Фатима,
Көңілденіп жүреді.
Әрқашанда татумыз,
Қыздарменен біргеміз.
2 — жүргізуші: «Кім жылдам?» Қызықты суреттер сайысы (Бұл сайыста әр топқа суреттер қойылады. Аналар қыздарымен
бірге суретті әдемілеп бояп шығу керек)
1 — жүргізуші: Тамаша әділқазыларымыздың бағасына назар
аударайық.
2 — жүргізуші: «Ойлан тап» (аналар сұрақтар таңдап алады)
1 — Жүргізуші:. Өнер сайысы.(ата — аналар өз өнерлерін көрсетеді. Әділ қазылардан бағаларын сұрайық.
2 — жүргізуші: «Дәм думан» бұл тағамдар сайысы. Сайыскерлер дайын болғанша балаларымыздың «Біз өмірдің гүліміз» әнін қабыл алыңыздар.
1 — Жүргізуші: Сәнім, аналары мен кішкентай ханшайымдары бірге дайындаған үй тапсырмаларына көңіл аударсақ қалай болады екен? Кезекте «Дәм думан» деген ойынмен аналарымыздың аспаздық шеберліктерін сынап көрейік. — Тамаша, міне нағыз аспазшылар осы жерде тұр екен. Енді мына көздің жауын алатын, тіл үйіретін тамақтарға сайыскерлеріміз жеке — жеке тағам құрамымен таныстырып өтсін.(әділқазылар бағасы)
2 — жүргізуші: Сайысымыздың соңғы бөліміне келіп жеттік, «Сән» үлгілерін көрсету сайысы. Ендеше қошеметпен ортамызға сән үлгісін көрсетуге Аналарымыз бен кішкене ханшайымдарымызды шақырайық.
1 — жүргізуші: Әділ қазыларымыз ұпай сандарын шығарғанша
«Жауқазын» ортаңғы тобының балаларының аналар мерекесіне арнап, қолдан жасаған қолөнер гүлдерін шын жүректен қабыл алыңыздар.
Және де «Жауқазын» тобының тәрбиешілерінің атынан әділ қазы алқасына қолдан жасаған қолөнер сыйлығымыз бар соны қабыл алыңыздар.
1 — жүргізуші: Жарыс заңы ежелден –
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
— Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады — дегендей сайыстың аты сайыс, мұнда біреу жеңеді, енді біреу жеңіледі. Жеңімпаздарымызды анықтау үшін сөз қазылар алқасына беріледі.
2 — жүргізуші: Құшағыңа кіргенде,
Жылынамын бір дем де.
Не жетеді көзіңе,
Мейірімді күннен де.
Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым,
Сегізінші наурызбен!!!
1 — жүргізуші: Атадан қалған асыл сөзге, ақыл кеніне құлақ түрсек. Ертеде бір жігіттен үйдің алтын қазығы кім деп сұрапты қарт. Жігіт: Ата, үйдегі алтын қазық бала, — депті жігіт. Ата: Жоқ балам, үйдегі алтын қазық — ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға үлгі, әке тәрбиесі ұлға үлгі, — депті қарт. Осы қарттарымыздың қалдырып кеткен өнегелі де үлгілі сөздерімен осы ертеңгілігімізді аяқтаймыз. — Міне, құрметті абзал жанды әжелер, аналар, кішкене ханшайымдар мерекелеріңіз құтты болсын! Осыменен сіздерге арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Сау — саламатта болыңыздар!
2 — жүргізуші: Ән жырдан көңілдерді қуантыңдар,
Барымен шат — шадыман болыңыздар.
Қоштасайық, келесі кездескенше,
Әрдайым сау — саламат болыңыздар!
Осымен бүгінгі мерекеге орай өткізіліп отырған сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше! Тағы да 8 наурыз әйелдер күні мерекелеріңіз құтты болсын!
Атырау облысы, Жылыой ауданы,
Құлсары қаласы, КМҚК «Айналайын» ясли бақшасының
тәрбиешісі Жазира Билбасова