Той — қуаныш сыйлайтын мереке: Мәдениеттанушы той жасау үшін несие алатындардың сөзін сөйледі — Қазақстан жаңалықтары
Танымал қазақстандық мәдениеттанушы той жасау үшін қарызданып, несие алатындардың сөзін жақтады. Сөзінше, қалың жұртшылыққа асыр салып, той тойлайтындарды жазғырмау керек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Время» басылымына сілтеме жасап.
Оспан Бердалы кез келген қазақ ата-анасы алдарына бірінші мақсат етіп ұлын — ұяға, қызын — қияға қондырып, немере тәрбиелеп, туыстарының арасындағы беделін жоғалтпауды қояды дейді.
«Міне, біздікелер тойды сол үшін жасайды. Қазіргі таңда жиі айтылатын «Өзі әрең күнің көріп отырғанда, несие алып той жасаған несі?» дейтіндер менің ашуымды келтіреді. Осы кезде мен ондай адамдарды «Сенің не шаруаң бар? Несие төлей ме, қарыз ала ма, сенің ақшаңды құртып жатқан жоқ қой» деп беттерін қайырамын. Егер біреу қарызға батып, көлік алып не үй тұрғызып жатса, мадақтың астында қалады да, ал егер тойға несие алса, қоғамның наразылығын туғызады. Өте қызық жағдай», — дейді қазақтың салт-дәстүрін зерттеумен айналысатын маман.
Сөзінше, той — адамға қуаныш әкелетін мерекелердің бірі. Не үшін сонда кедей адамдар қуанбаулары керек дейді мәдениеттанушы Бұған қоса Бердалы Оспан қарыздың жартысын жиналған қонақтардан келетін көрімдік өтейтінін айтып кетті.
«Көп адамдар тойға әкелетін ақшалай сыйлықты өтірік ұмытып жатады. Мысалы, тойға 100 адам шақырып, олар 10 000 теңгеден жинап берсе, міне, бір миллион теңге шыға келеді», — деп қосты мәдениеттанушы.
Сонымен қатар ол қазақтарды салт-дәстүрді құрметтеп, олардың сақталуына жіті көңіл бөлуге шақырды.
stan.kz