2020 жыл наурыз айына арналған ауа райы болжамы

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы нормадан бір градусқа жоғары болады. Оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасы климаттық нормаға жақын

АЛМАТЫ, 20 ақпан – Sputnik. Қазақстанның біраз аймағында наурыздың басында күн жылы болады, жауын-шашын көп жауады. Қазгидромет ақпанның соңында ауа райы қандай болатынын да айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ақпанның соңындағы ауа райы

Синоптиктер ақпанның үшінші онкүндігінде ауа райы қандай болатынын айтты.

«Ақпанның үшінші онкүндігінің ортасынан бастап атлантикалық циклондар Қазақстан аумағы арқылы өтеді, соның әсерінен кей жерде қалың қар түседі. Оңтүстікте жаңбырдың соңы қарға ұласады. Тұман, көктайғақ, қарлы боран болып, желдің жылдамдығы секундына 15-25 метрге дейін жетуі мүмкін», — дейді мамандар.

Тағы оқыңыз: Фотофакт: елордада 30 градус аязда жейдемен жүрген ер адам жұртты таңғалдырды

Түнде еліміздің батыс, солтүстік-батысында ауа температурасы -5 , +3  градус болады, ал күндіз минус бес градустан плюс сегіз градусқа дейін жылы.

Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс аймағында түнде -15°C аяз болады, күндіз ауа температурасы -10°C-тан +3°C-қа өзгереді.

Оңтүстік, оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы -8-ге дейін түседі, күндіз плюс 15 градусқа дейін көтеріледі.

Наурызда ауа райы қандай болады

Синоптиктердің болжамынша, наурыздың алғашқы онкүндігінде Солтүстік Қазақстанда әлі де қар жауып, көктайғақ пен тұман болуы мүмкін. Күндіз ауа температурасы -5 градустан +5 градусқа дейін құбылып тұрады, ал түнде он градус аяз болады.

Қазақстанның оңтүстігінде көктемнің алғашқы күндері жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 18 градусқа дейін көтеріліп, түнде нөлден плюс сегіз градусқа дейін жылы болады.

«Алайда кей күні Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстанда сынап бағанасы түнде 17 градусқа дейін түсуі мүмкін. Ал еліміздің оңтүстігі мен батысында -10°C аяз болады», — деп ескертті Қазгидромет.

Мамандардың айтуынша, наурыз жылы болады. Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы нормадан бір градусқа жоғары болады. Оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасы климаттық нормаға жақын.



sputniknews.kz