Мемлекеттік қызметкерлер тергеу изоляторына экскурсияға келді — Қазақстан жаңалықтары

0

Пара алып, сотталған мемлекеттік қызметкер тергеу изоляторындағы өмірі туралы айтып берді. Әкімдіктердің, мәслихат аппаратының және Шымкент қаласының тексеру комиссиясының қызметкерлері тергеу изоляторына экскурсияға келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «31 арнаға» сілтеме жасап.

сизо

Тікен сымдардың арғы жағындағы экскурсияны тәрбиелік мағынасы бар әңгіме толықтырды. Оны мемлекеттік қызметте істеген бұрынғы есепшісі айтып берді. Ол экскурсияға келген шенеуніктерге бет-жүзін көрсеткісі келмеді. Әйел 20 жыл бойы есепші болып жұмыс істегеннен кейін, жетекшісінің арандатуына еріп, пара бергенін айтты. Ол қылмыстық жауапкершілікке тартылып, пара алғаны үшін 367-бап бойынша үш жылға сотталды. Әйелдің айтуынша, сот шешімі әлі күшіне енген жоқ және ол шағымдануға ниетті.

«Бәрі құрдымға кетті. Менің жылдар бойы жинаған тәжірибем, жұмысым. Ал үйде мені балаларым мен немерелерім күтіп отыр», — деді өз ісіне өкінген әйел.

Мұны естіген мемлекеттік қызметкерлер үнсіз қалып, пікір білдіруден үзілді-кесілді бас тартты. Тергеу изоляторы басшысының айтуынша, бүгінде тергеу изоляторында шамамен 500 адам отыр, оның ішінде 4 кәмелетке толмаған жасөспірімдер және 30 әйел бар.

«Мұнда сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша тұтқындалған 20 адам бар, олардың 15-і бұрынғы тәртіп сақшылары, 5-і мемлекеттік қызметкерлер. Менің ойымша, олар мұнда өздерін ыңғайсыз сезінеді. Олардың әрқайсысы қылмыс жасағанына өкінеді», — дейді Ермек Жалғасбаев, ИЧ 16711 тергеу изоляторының бастығы.

Бұған дейін аудан әкімдері, мектеп директорлары, дәрігерлер және әлеуметтік қорғау мен ауыл шаруашылығы өкілдері түзеу мекемелеріндегі жазаны өтеудің шарттарымен танысқан. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бірінші жартыжылдықтың аяғына дейін барлық мемлекеттік қызметкерлерді Шымкент қаласындағы тергеу изоляторында экскурсия жүргізбекші.

 

 

 

stan.kz