өзін-өзі тану құндылықтар, 5 құндылық өзін-өзі тану папкасы
Мақсаты:
— оқушыларды өз болашағы бағытын айқындап, мақсат қоя білуге үйрету;
— оқушылардың өзін — өзі тәрбиелеу, өзін — өзі жетілдіру арқылы болашаққа құштарлығын дамыту;
— өнер пен шығармашылық аясында оқушыларға өзін — өзі тану бағдарламасының мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар: ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау аясында жүргізілетіндігі туралы түсінік беріп, қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыта отыра, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.
Түрі: көркем сайыс
Жүргізушілер:
Көркемдік құралдар: шарлар, Сара Назарбаеваның фотосуреті, бес құндылық бейнеленген пирамида, үлкен етіп жазылған тақырып атауы, интербелсенді тақта, әуендер, түрлі түсті қағаздан жасалған гүлдер.
Барысы:
Музыкамен ортаға жүргізушілер шығады..
1 — жүргізуші:
Өзіңді тану – ғаламды тану,
Жақсы менен жаманды тану.
Өзіңді — өзің талқыға салып,
Адал менен арамды тану.
2 — жүргізуші:
Қателігіңді түсіне білу,
Дұрыс жүріп, күтіне білу.
Үлкенді сыйлап, кішіні сүю,
Күлетін жерде жөнімен күлу.
1 — жүргізуші:
Сабақты оқып, тәртіпті болу,
Білімді жинап, дүниені шолу.
Өзіңді өзің тану дегенің,
Өз бойындағы мініңді жою.
2 — жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар елінде» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Музыка кетеді…
Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысы Қызылжар селосында дүниеге келді. 1992 жылғы ақпан айынан бастап «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті. «Бөбек» қорын құрып, жетімдерге жәрдемдескен, «Өзін — өзі тану» пәнін білім бағдарламасына енгізіп, жеткіншектерді ізгілікке баулыған тұлға. 2010 жылдың 1 — ші қыркүйегі – «Өзін өзі тану» пәнін Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіне жаппай енгізді.
1 — жүргізуші: «Өзін — өзі тану» пәнінің балаларға, ата — аналарға, ұстаздарға берер көмегі зор, бүкіл адамзатқа өзінің жылуын сыйлап, өмірге деген жақсы көзқарасын оятып, бір — біріне деген қарым – қатынастарын жақсартып, өмірдің дұрыс жолына бағыттайды. Сонымен қатар, адамның рухани жан дүниесін байытып, ішкі жан дүниесін ашуға көп көмегін тигізіп отыр. «Өзін — өзі тану» сабақтарының өзіндік ерекшелігін байқататын «Шаттық шеңбері», «Өзіммен — өзім», «Әңгімелесейік», «Сергіту сәті», «Сахналау», «Ойын — Жаттығу», «Жүректен – жүрекке» шеңбері балалардың дамытушы ортасын құруға ықпал етеді.
2 — жүргізуші: Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа – адамгершілік — рухани тәрбие беру. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында қазақстандықтардың ортақ тағдыры мен еліміздің бейбітшілік пен прогресс жолында даму перспективаларын анықтайтын басты құндылықтар көрініс тапқан. Халқымыздың осы мәңгі рухани құндылықтарды бағалай білуі және бүкіл өміріне ұстаным етіп алуы мемлекетіміздің шынайы қуатын, оның азаматтарының бақытты тағдырын анықтайды.
1 — жүргізуші: Ақиқат өзін — өзі танудың мақсаты.
2 — жүргізуші: Сүйіспеншілік — өзін — өзі танудың негізін қалаушы құндылық.
1 — жүргізуші: Дұрыс әрекет тәжірибесі – өмір негізі.
2 — жүргізуші: Ішкі тыныштық және қиянат жасамау – тұлғаның үйлесімді дамуының нәтижесі.
1 — жүргізуші: С. Алпысқызы «Өмір әдебі» атты кітабында былай деген — Бір минутқа да күмәнданбаймын: осы бір болмыстың мәңгілік сұрақтарына (Мен кіммін? Менің өмірдегі мақсатым не? Қазіргі сәтте қалайша толық өмір сүре аламын? Өзімнің ішкі «Менімді» қалай тани аламын?) жауап беру үшін жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңғырту керек, өзіңнің бастауыңа оралуың қажет деген.
2 — жүргізуші: Олай болса қазір біз кезекті Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңғыртушыларымызға береміз.
1 — жүргізуші: Құрметті сайысқа қатысушылар және көрермендер, сіздерді сайыс шарттарымен таныстырып өтейін.
I – бөлім: Визитка (топтың аты, эмблемасы, киім үлгісі, таныстыру – бейнеролик немесе ән, би түрінде);
II – бөлім: Көрініс (Өзін — өзі танудың 5 құндылығы аясында: ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау)
2 — жүргізуші: Сайысты бастамас бұрын сіздерді әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.
Мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі:
Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі:
Өзін — өзі тану пәнінің мұғалімі:
1 — жүргізуші: Құрметті де аса қадірлі әділқазы мүшелері, сіздерден сахна мәдениеттілігіне жоғары талаппен қарап, тақырыптың ашылуына баса назар аударып, әділ баға берулеріңізді сұраймыз. Ең жоғары ұпай 5 ұпай болып саналады. Қоржынға салынатын Бас жүлде, 1 — ші орын, 2 — ші орын, 3 — ші орын және «Күн сәулелі…», «Ізгі жүректер» номинациялары.
2 — жүргізуші: Олай болса сіздердің ду қол шапалақтарыңызбен бірінші болып сайысты бастайтын _____________тобы. 5а сынып оқушылары.
1 — жүргізуші: Келесі кезекті 5ә сынып оқушыларына береміз. _______________тобы.
2 — жүргізуші: Ортада _______________тобы. 6а сынып оқушылары. Құрметтеп, қошеметтеп отырайық!
1 — жүргізуші: 6ә сынып оқушылары ___________тобын шақырайық!
2 — жүргізуші: 7а сынып оқушылары __________тобын қарсы алыңыздар!
1 — жүргізуші: Ортада______________тобы, 7ә сынып оқушылары.
2 — жүргізуші: Сахнаға 8а сынып оқушыларын шақырайық.____________тобы. Қошеметтеп отырайық!
1 — жүргізуші: Келесі кезекті ___________тобына береміз. 8ә сынып оқушылары алдарыңызда.
2 — жүргізуші: Ортада_____________тобы. 9а сынып оқушылары. Ду қол шапалақ!
1 — жүргізуші: Алдарыңызда 9ә сыныбы. ___________тобы!
2 — жүргізуші: Қандай тамаша! Бәріміз де өзін — өзі тану пәнінің жанашырлары екенбіз! Бәріміз де ізгі істер жасап, айналамызды нұрландырып жүреді екенбіз! Рахмет сіздерге сайысқа қатысушы жұлдыздарымыз!
1 — жүргізуші: Сара Алпысқызы «Кімде — кім өзін — өзі тани білсе, ол өзінің не істей алатынын және не істей алмайтынын түсіне біледі.»,- дейді. Олай болса құрметті әділқазы мүшелері, сіздерден 1 — ші бөлім бойынша баға берулеріңізді сұраймыз!
5а сыныбы___________тобы
5ә сыныбы___________тобы
6а сыныбы___________тобы
6ә сыныбы____________тобы
7а сыныбы____________тобы
7ә сыныбы____________тобы
8а сыныбы____________тобы
8ә сыныбы____________тобы
9а сыныбы____________тобы
9ә сыныбы____________тобы
2 — жүргізуші: Рахмет әділ бағаларыңызға! Өзін — өзі тану – барлық даналықтың бастауы. И. Кан, Г. Э. Лессинг өзін — өзі тану – даналықтың өзегі деген. Ал, адам үшін аса маңызды заттар, құбылыстар, қасиеттер, жай — күйлерді құндылықтар деп аталынады. Ол үшін жас ұрпаққа «құндылық» деген ұғымның мәнін терең түсіндіре білуіміз керек. 2 — ші бөлім Көрініс бөлімі. Бұл бөлімде қатысушыларымыз Өзін — өзі танудың 5 құндылығы, яғни ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау құндылықтарын негізге ала отырып, көркем қойылым қоюлары қажет. Ортада 5а сынып оқушылары. Қарсы алыңыздар _________тобы!
1 — жүргізуші: 5ә сыныбын қарсы алыңыздар! _________тобы.
2 — жүргізуші: Келесі өздерінің өнерлерін көрсететін 6а сынып оқушылары! ____________тобы.
1 — жүргізуші: Ортада ______________тобы. 6ә сыныбы.
2 — жүргізуші: Ортада 7а сынып оқушылары. ____________тобын қарсы алыңыздар!
1 — жүргізуші: Сахнада 7ә сынып оқушылары, ___________тобы.
2 — жүргізуші: 8а сынып оқушыларын шақырайық, ___________тобы.
1 — жүргізуші: Келесі кезекті 8ә сынып оқушыларына берейік, ____________тобы!
2 — жүргізуші: Сахна төріне 9а сынып оқушыларын шақырайық! ____________тобы.
1 — жүргізуші: Ортада _____________тобы. 9ә сынып оқушылары!
2 — жүргізуші: Сайысымыз да соңына жетіп қалды. Көрермендерге берері мол әрі ойланарлықтай кеш болды деп ойлаймыз, олай болса сайысымызың 2 — ші бөлімін бағалайық. Әділ — қазы алқалары бағалауларыңызды сұраймыз!
5а сыныбы___________тобы
5ә сыныбы___________тобы
6а сыныбы___________тобы
6ә сыныбы____________тобы
7а сыныбы____________тобы
7ә сыныбы____________тобы
8а сыныбы____________тобы
8ә сыныбы____________тобы
9а сыныбы____________тобы
9ә сыныбы____________тобы
Рахмет!
1 — жүргізуші: Ортаға сайысқа қатысушыларымызды шақырамыз! Әділ — қазы мүшелері өз шешімдерін шығарғанша әсем әуен тыңдай тұрайық. __________________орындауында әсем ән! Қошеметтеріңіз!
2 — жүргізуші: Сөз кезегі өздеріңізде, құрметті де аса қадірлі әділ қазылар!
1 — жүргізуші:
Жақсы адам боп өссін деп,
Шығарған өзің тануды.
Сара апама мың алғыс,
Жолдаймыз сәлем жалынды.
Үмітіңді ақтаймыз,
Үйреніп өнер, білімді.
Ар — ұятты да сақтаймыз,
Жолатпай жаман қылықты.
2 — жүргізуші:
Өмірге қызыға қарайсың,
Бәрін де бақытты санайсың.
Бұл пәнді үйренсең ерінбей,
Бойыңнан керемет байқайсың.
1 — жүргізуші: Құрметті жиналған қауым назарларыңызға мың да бір алғыс! Ал сайысқа қатысушыларымыз, сіздерге шығармашылық табыстар тілейміз! Қатысқандарыңызға рахмет! Келесі жиындарда кездескенше сау болыңыздар!
Ұйымдастырған:
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы,
Баянауыл ауылы, Ш. Айманов атындағы
жалпы орта білім беру мектеп — интернатының
өзін — өзі тану пәнінің мұғалімі, жас маман
Серікбай Мадина Талғатқызы