Қордайда ақсақалды соққыға жыққан күдіктілер ұсталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Бүгінгі күні Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты 90 қылмыстық іс қозғалыпты, олардың 11-і кісі өліміне қатысты. Десек те ішкі істер министрлігі қанша адам қолға түскендігі жайлы ешнәрсе ашып айтпады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев қылмыстық істердің саны артқандығы жайлы сөз етті. Қазір жүзден астам адам тергеуден өтіпті. Қордайдағы оқиға қатысы бар адамдардың барлығы қолға түседі дейді ол. Бұл жағдайға байланысты тергеу ісі екі айға дейін жалғаспақ. Тіпті тергеу шаралары созылуы да мүмкін екен. 

«Тәртіпсіздіктерге ұласқан іс әрекеттерге барған азаматтар ұсталды. Үшеуіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа жіберілген. Сондай-ақ, қарияға қол көтергендер де құрықталды. Ал осы дауды ушықтырушыларға қатысты ақпаратты кейінірек  береміз», — деді ҚР ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.

Алматыда жатқан ақсақалдың өзі ауруханадан шығарылған. Дәрігерлер оның жағдайы қанағаттандырарлық дейді. Қазір ол жергілікті дәрігерлердің бақылауына алынған. 

 

stan.kz