Даниал Ахметов коронавирус жайлы: Қытаймен шекаралас ауыл тұрғындарына қорқудың қажеті жоқ — Қазақстан жаңалықтары

0

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Қытаймен шекаралас жатқан ауылдарды коронавирустен қорықпауға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Даниал Ахметов

Зайсан ауданының Бақыт Сырбаева есімді тұрғыны шекарадағы елді мекен жұртшылығы Қытайда тараған жұқпалы індеттен қорқып жатқандықтарын айтыпты. Мұны естіген облыс басшысы Даниал Ахметов оларды сабырға шақырды.  Әкімнің айтуынша, қазір шекаралас аймақтың барлығы қатаң қадағалауда. 

«Өңірімізде коронавирустың таралуына жол бермеу үшін жедел штаб құрылған. Қазақстанда инфекция жұқтырған ешкім жоқ. 17 ақпаннан бастап Қытайдан келген әрбір азамат 2 аптаға обсервациялық бақылауға жатқызылады. Облыстың медициналық мекемелерінде коронавирусқа қарсы препараттар қоры жеткілікті. Сондықтан баршаңызды үрейленбеуге шақырамын. Жағдай бақылауда», — деді облыс басшысы. 

Еске салайық, бұған дейін Қытай жұртшылығы коронавирустың кесірінен ақшаны жаппай жойып жатқандығы айтылған еді. 

 

stan.kz