Такси жүргізушісі болып жан бағып жүрген жеті баланың анасына тұрғындар көмектесе бастаған (видео) — Қазақстан жаңалықтары
Такси жүргізушісі боп жұмыс істеп, бала-шағасын асырап жан бағып жүрген әйелдің сюжеттен кейін өмірі күрт өзгерген. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық арнасы хабарлады.
Көпбалалы отбасы екі жыл бұрын үй кезегіне тұрған. Әкімдік алдағы жарты жылда баспаналы болатынын жеткізген. Сондай-ақ, балаларды балабақшаға орналастыру мәселесі де реттелген. Халықтың қаржылай қолдауының арқасында отбасының екі несиесі жабылды.
Әлеуметтік көмек алуға да құжат жинау үстінде. Сондай-ақ, балалардың әкесі кешірім сұрап, отбасына қайта жанұясына оралды.
«Қазір отбасым бәріміз біргеміз. Халыққа рахмет. Қаржылай көмек көрсетіп, несиелерімді жауып берген адамдарға рахмет. Кезегіміз алға жылжып қалды, енді алдағы жарты жылда пәтерлі боламыз. Көмек берген БАҚ-қа алғысымыз шексіз»,-дейді әйел.
stan.kz