Карантинге жабылған кемедегі қазақстандықтар қашан елге жеткізіледі — Қазақстан жаңалықтары

0

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді карантинге жабылған Жапония жағалауындағы кемедегі қазақстандықтардың елге қашан жеткізілетіндігі жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

лайнер

«Ұшақпен жеткіземіз, Жапония мен Қазақстан арасында тікелей рейстер бар. Емдеу шараларына қатысты барлық елдер өзара іс-қимылдар жасайды. Осы орайда қажет болған жағдайда олар Жапонияда ем қабылдауы мүмкін», — деді М. Тілеуберді Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалында жауап бере отырып.

Оның айтуынша, лайнердегі қазақстандықтар ауруға шалдықпаған көрінеді. 

«Ең бастысы, біздің азаматтар коронавирус жұқтырмаған, бұған лайнердегі тест нәтижесі дәлел болып тұр. Енді карантиндік мерзім аяқталды, яғни 14 күндік мерзім. Бүгіннен бастап оларды лайнерден шығара бастайды. Құрлықта қосымша тестілеуден өтеді. Егер де тестіден өтсе, оларды таяу күндері елге қайтарамыз», — деді министр.

Жапонияда короновирусқа шалдыққандар жатқан круиздік кемеде 4 қазақстандық азамат бар екендігі айтылған еді. 

 

stan.kz