Алматы басшысы жолаушылар тасымалы саласында қандай жаңалық болатынын айтты

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жолаушылар тасымалы саласында қандай жаңалық болатынын айтты

АЛМАТЫ, 19 ақпан – Sputnik. Сағынтаев мегаполис тұрғындарымен өткен есептік кездесуде қаладағы әлеуметтік маңызы бар қоғамдық көлік бағыттары субсидияланатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Қоғамдық көлік бағыттарын субсидиялаудағы басты мақсатымыз – жол жүру тарифтерінің өсуіне жол бермеу. Сондықтан 2021-2022 жылдарға біз ұсынған есеп бойынша орташа тарифпен 154 әлеуметтік бағытқа 200 теңге көлеміндегі субсидия 47,4 млрд теңгені құрайды», – деді қала әкімі.

Әкімнің айтуынша, 2019 жылы субсидия 23,1 млрд теңгені құрады. 2020 жылға 24,2 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде жеңілдетілген санаттағы жолаушылар үшін тікелей өтемақы 4 млрд теңгені құрады.

Алматыда қоғамдық көлікті жаңғырту үшін жұмыс жүргізіліп жатыр. 2019 жылы 450 жаңа автобус сатып алынды. Қаладағы автобус паркі 92%-ға жаңартылды.

2020 жылы 401 автобус сатып алу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, газбен жүретін электр автобустарын сатып алуға көңіл бөлінеді. 2019 жылы алғашқы 10 электр автобусы іске қосылды.

Сонымен қатар, жолаушылар тасымалын субсидиялау сомасы да артады. Алматыдағы қоғамдық көліктерде жол жүрудің орташа құны 200 теңгені құрайды, оның 80 теңгесін жолаушылар төлейді. Айырмашылық қалалық бюджет есебінен өтеледі. Бюджеттен қала тұрғындарының жеңілдігі үшін жолақы субсидияланады.

2019 жылы тұрғындардың өтініші бойынша 14 жаңа бағыт ашылды. Оның 8-і қала сыртына бағытталады. 2020 жылы күн сайын 291 автобус жүру үшін 24 қалалық және қала маңынан маршрут ашу жоспарланып отыр.



sputniknews.kz