КВН-ші Мереке Қалыбаева тұңғышын дүниеге әкелді — Қазақстан жаңалықтары
Танымал КВН ойыншысы, актриса Мереке Қалыбаева тұңғышын босанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін көптен күткен тұңғышын дүниеге әкелген Мереке қыз босанды. Бұл туралы Меркенің өзінің инста-парақшасында бөлісті. Кішкентай ханшайымның өкіл анасы әнші Гүлнұр Оразымбетова, ал өкіл әкесі әзілкеш Жандос Самалбеков екенін айтты.
«Аллаға шүкір дегеннен басқа не айтасың.
Ойбай-ай, «жаның қалсын» деген сөздің мағынасын үш сағат алдын түсіндім, баршаңызға рахмет», — дейді Мереке.
Тұңғышын бауырына алған Арсен оқырмандарынан сүйінші сұрап жазба қалдырды.
«Бұндай ауыртпашылықты тек әйелдер ғана көтере алады. Аналарымыздың қадірін білейік! Аналарымыз аман болсын!
Қысқасы, сүйінші! Аллаға сансыз шүкір! Алланың қалауымен бөпенің бөпесі дүниеге келді. «Сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын» деген тіркестің төркінін енді түсінгендеймін! Не жазарымды да білмей отырмын! Аллаға сансыз шүкір дегеннен басқа сөз келмей жатыр. Жақсы әйелдің белгісі бірінші дүниеге келген перзенті қыз болады деген Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)», — деген Арсен әйеліне алғысын жеткізді.
Өз кезегінде әке-ана атанған қос әзілкешті оқырмандары, достары құттықтауларын жаудырып жатыр.
Айта кетейік, екі бірдей КВН-ші Мереке мен Арсеннің тойы жұрттың қызу талқысына түскен еді. Себебі “Тек қана қыздар” командасында өнер көрсететін Мерекенің жасы 27-де. Ол жары Арсеннен 6 жасқа үлкен.
stan.kz