Қордай қақтығысы: Қыспақтан «қайтыс болған» нәрестенің ата-анасы мән-жайды айтып берді — Қазақстан жаңалықтары

0

Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктерден кейін Масанчи, Бұлар батыр, Аухатты және Сортөбе ауылдарының тұрғындары үйлерін тастай бастады. Олар көрші елден пана іздеп Қырғызстан шекарасына бет алды. Өткізу бекеттерінің қыспақ салдарынан 25 күндік нәресте көрпеге тұншығып қала жаздады. Сәбидің анасы Фатима Багиева Tengrinews.kz тілшісіне жаңа туған қызын құтқару оқиғасы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде баланың шекарада қыспақ кезінде қаза тапқаны туралы ақпарат тарады, бірақ бұл оқиғаға байланысты ресми расталу болған жоқ.

21 жастағы екі баланың анасының айтуынша, Қордай қақтығысынан кейінгі күні ол Қырғызстандағы туыстарына баруды шешкен. Ол үлкен ұлын таңертең ата-әжелерімен бірге шекараға жіберген.

«Олар ертерек, 8 ақпанда, таңертеңгі сағат үш-төртте өтті. Ол кезде шекарада адам аз болған. Біз шекараны түскі уақытта өте бастадық. Адам көп болды, мен қызымды өзіме қысып ұстап алдым. Қызым жөтеле бастағаннан кейін көрпеге орадым, ауырып қала ма деп қорқып кеттім. Мен шекараны шамамен бір жарым-екі сағатта өттім, бір сәтте ол талып қалды. Ыстықтан шығар деп ойладым»,- дейді Фатима Багиева.

 

Жас ана нәрестенің дірілдей бастағанын, тынысы ысқырықпен шыққанын айтты.

«Көрпені ашсам, қызым дем алмай жатыр. Жанымда тұрған әйел бала есінен танып қалды деді. Мен әлі жаспын, білмеймін. Содан кейін әжем қарап, баланы дәрігерлерге тез арада көрсету керек деп айтты. Қорыққанымнан айқайлай бастадым. Мен шекарашылардан кем дегенде баланы өткізуге рұқсат сұрадым. Нәтижесінде мен оны қақпадан беріп жібердім. Медбикелер тексеріп, алғашқы медициналық көмек көрсетті», — деп толықтырды жас ана.

Әйелдің айтуынша, ол шекарадан шамамен бір сағаттан кейін өткен. Бұл кезде нәресте есін жиған. 

«Мен жедел жәрдем машиналарын көрмедім, бірақ кезекші медбикелер болды. Қызым аш болғандықтан жылады. Содан кейін бізді ауруханаға жеткізіп, біз онда екі күн жаттық. Кейін бізді жедел жәрдем Қордай ауруханасына апарды. Ол жақта жеті күн жаттық», — деді ол.

«Денсаулығы жақсы. Дәрігерлер ауруханадан шығарар кезде бәрі жақсы деп айтты. Бірақ оның ұйықысы нашар. Ол 10-15 минут ұйықтап, оянып, жылайды.Үнемі қолда ұстау керек. Менің ойымша, адамдар көп болғандықтан қызым қысылып қалды. Дем алуына кедергі болды. Құдайға шүкір, бәрі жақсы аяқталды. Қазір біз үйдеміз», — деп аяқтады ол. 

 

 

 

 

 

 

stan.kz