Альварес Головкинмен үшінші рет жұдырықтасу туралы ойын айтты

0
27 Қараша 2018, 14:22 623 0

Астана, BAQ.KZ. Орта салмақта WBC, WBA (Super) чемпионы Сауль «Канело» Альварес (50-1-2, 34 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) үшінші рет жұдырықтасу туралы ойын айтты, деп жазады Vesti.kz.

Боксшылар 2017 және 2018 жылы Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында екі рет жұдырықтасқан болатын. Қарымтада қазақстандық боксшы төрешілер шешімі бойынша жеңіліп, орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы атағынан айырыл5ан болатын.

«Бокс әлемінде көптеген адам әлі де Альварес Головкинді жеңбеді, екі жекпе-жекте де оның ақысын жегенін сезіп жүр. Үшінші жекпе-жек әбден болуы мүмкін, Егер Альвареске сұраныс болса. Альварес жақында DAZN стриминг қызметімен келісімшарт жасасты, Головкиннен де осыны күіп отыр», — деп жазады ibtimes.com.

«Бұл болуы мүмкін жекпе-жек. Ақыр-аяғы болатынын білесіздер. Бізде алдымен 15 желтоқсандағы кездесу бар. Егер жанкүйерлер қаласа, халық талап етсе, болуы әбден ықтимал. Бірақ ол алда. Ал әзірге бар назарымыз алдағы жекпе-жекте», -деді Альварес.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ